Есте сақтау қабілетін жақсартудың табиғи жолдары

1869

Есте сақтау қабілеті тұрақты емес. Адамның жасы келе ол нашарлай береді. Алайда бұл қабілетті табиғи жолмен жақсартуға болатынын ұмытпау керек.

Қантты аз пайдаланыңыз

Қантты шамадан тыс тұтыну есте сақтау қабілетінің бұзылуына әсер етеді. Теңгерімсіз тамақтану мидың көлемінің азаюына әкелуі мүмкін. Рациондағы қант мөлшерін азайту осындай проблемаларды болдырмауға көмектеседі және тұтастай алғанда денсаулыққа оң септігін тигізеді.

Балық майын жеп тұрыңыз

Балық майы Омега-3 қанықпаған май қышқылдарына, соның ішінде эйкосапентаеноид пен докозагексаеноидке бай. Ол жүрек ауруларының пайда болу қаупін төмендетеді . Балық пен балық майын жеу әсіресе қарт адамдардың есте сақтау қабілетін жақсарта алады.

Медитацияға уақыт табыңыз

Медитация адамды тыныштандырып, қан қысымын түсіреді. Ол негізінен қысқа мерзімді жадты жақсартады. Ғалымдар Тайвань колледжінің студенттеріне тәжірибе жасап, медитация жасаған студенттердің жасамағандарға қарағанда кеңістіктік жұмыс жады едәуір жақсырақ болғандығын анықтады.

Салмағыңызды қадағалаңыз

Семіздік - бұл танымдық құлдыраудың қауіпті факторы. Артық салмақ адамның миына кері әсер етеді. Зерттеушілер 18 жастан 35 жасқа дейінгі адамдарға есте сақтау қабілетін анықтауға арналған тест жүргізді. Нәтижесінде денедегі артық салмақ массасы жадтың бұзылуына әкелетінін дәлелдеді. Сонымен қатар семіру Альцгеймер ауруының пайда болуына әсер етеді.

Ұйқыңызды қандырыңыз

Аз ұйықтау адамның есте сақтау қабілетін бұзады.  Ересек адам тәулігіне 7-8 сағат ұйықтау керек. Түнгі демалыс кезінде қысқа мерзімді естеліктер ұзақ мерзімді естеліктерге айналады.

Санаңызды жаттықтырыңыз

Саналылық -  сіздің сезімдеріңізді және қоршаған ортаңызды жақсы түсінетін психикалық күй. Ол медитацияның бір бөлігі ретінде қолданылады.  Зерттеулер сананы жаттықтырудың стрессті азайтуға және есте сақтау қабілетін жақсартуға тиімді екенін растайды. Ол танымдық құлдырау қаупін азайтады.

Алкогольді аз ішіңіз

Алкоголь денсаулықтың көптеген аспектілеріне, соның ішінде есте сақтау қабілетінің бұзылуына әсер етеді.  Күніне 36 грамнан артық мөлшерде алкогольді пайдаланатын орта жастағы ер адамның есте сақтау қабілеті ішпейтіндерге қарағанда алты жылға ерте төмендейді.

D витаминінің деңгейін тексеріңіз

D дәрумені деңгейінің төмендеуінің жағымсыз салдарының бірі - танымдық функцияның нашарлауы. Бұл заттың жетіспеушілігі көбінесе суық климаты бар елдердің тұрғындарына тән.

Денеңізді шынықтырыңыз

Белсенді өмір сүру  миға пайдалы. Ол кез-келген жастағы адамдардың есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.  Күнделікті жаттығу жасау нейропротекторлы ақуыздардың секрециясын жоғарылатады және нейрондардың өсуі мен дамуына әкеледі.

Қабынуға қарсы өнімдерді таңдаңыз

Қабынуға қарсы тамақтарға шай, жемістер мен көкөністер жатады. Олар иммундық жүйені ынталандырады, бос радикалдарды кетіреді. Жидектер антиоксиданттарға бай.

Шоколад жеңіз

Шоколад мидың қан айналымын  жақсартады. Флавоноидтары бар қара шоколадты жейтіндердің жады антиоксиданттары жоқ ақ шоколадты сүйетіндерге қарағанда әлдеқайда жақсы.  Максималды пайда алу үшін құрамында 70% какао бар шоколадты таңдау керек.

Диана АСАНОВА, «Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы