Су-тіршілік көзі

4143
Adyrna.kz Telegram

       Елімізде болып жатқан келеңсіз жайттар мен проблемалар бірте-бірте шешімін тауып, біраз мәселенің нүктесі қойылып келеді. Соның бірі ауыз-су мәселесі. Ауыз-су мәселесі күннен күнге жақсарып, ауыл-аймақтарды қамтып жатқанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Бір кездері проблема болған ауыз-су мәселесін шешу үшін үкіметбірнеше мемлекеттік бағдарламалар құрып, іске асыруда. Солардың бірі "Қазақстан Республикасының 2001-2030 жылдарға арналған "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы".

       Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасы тұрғындарын кепілді сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және оған стратегиялық ресурс мәртебесін беру.

      Бағдарламаның негізгі міндеттері: 

тұрғындарды кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын  жақсарту жөнінде іс-шараларды әзірлеу, оларды іске асыру жөніндегі 
басымдықтарды айқындау;
халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің нормативтік құқықтық базасын жасау;
Бағдарламаны іске асыру үшін инвестициялар мен қаржыландыру көздерінің қажетті көлемін анықтау

        Осы "Қазақстан Республикасының 2001-2030 жылдарға арналған "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы” аясында көптеген ауыз-су мәселелері шешіліп, толық сумен қамту мәселелері қаралып келеді. Алдағы уақытта елді мекендердің аймақ-аймағында су мәселесі шешіледі деген үміттеміз.

              Белгіленген сапа нормаларына сәйкес келмейтін ауыз сусынамаларының пайызбен көрсетілген үлесі. Қазіргі таңда ауыз судың сапасы әлдеқайда жақсарғанын тұрғындардың сөзінен де аңғаруға болады.

    Алматы қаласының тұрғындары су мәселесі жөнінде не дейді?

Жолдасбаев Қайрат:

    Алматыға көшіп келгеніме биыл он жыл толды. Осы уақыт арасында сумен ешқандай мәселе туындамады. Алматыға келмей тұрып “Алматының суы жаман, тұнып тұрған хлор” дегенді жиі еститінмін. Көшіп келген жылы хлордың дәмі әлсін шығып тұратын, ал қазір бұрынғыдай хлор татыған су ішпейміз. Кейде хлордың дәмін сезіп қаламын. Ол кезде тазалау процессі жүріп жатады-ау деймін. Хлормен тазалап тұрған да жөн шығар. Негізінде суға қатысты айтар шағымым жоқ.

Алтынбек Асқарұлы, шаруа;

    Қаланың қақ ортасында тұрмасам да сумен ешқандай мәселе болмапты. Ауыз-су былай тұрсын, бақшамды да емін-еркін, ешқандай кедергісіз суарып аламын. Қысым да қалыпты болып тұрады. Судың аяқ-астынан өшіп қалғанын немесе кір, лай су аққанын көрмедім.

Дархан Алтайбек, шаруа:

    Таныстарым үйге келгенде “Қаланың қақ ортасында тұрып, бақпен қалай айналысып жүрсің? Хлор сумен бақшаңды суғарасың ба?” деген сұрақтарды жиі қояды. “Алматының суы хлор” деген мифке әлі күнге дейін сенетіндерге күлкім келеді. Еліміз дамып жатқанда су мәселесі хлорланып бір орында тұра бермейтіні анық емес пе?!

Мөлдір Сейітбек:

    Суға қатысты айтар шағымым да, сыным да жоқ. Бұрындары денсаулық үшін алаңдағаннансуды міндетті түрде фильтрдан ішетінмін. Қазір ол әдетті қойдық. Әрине, денсаулыққа алаңдап суды фильтрден ішеміз. Бірақ су сапасы жақсарғалы бері бұрынғыдай тікелей краннан ішуге қорықпаймын.

Су құбыры маманы:

     Ауыз су сапасының нақтылай айтсақ жер-асты суларының сапасы бұрынғыдан жақсарғанын, құрамындағы артық заттардан  тазаланып бізге ұсынылып отырғанын Алматы қаласының тұрғыны ретінде де, маман ретінде де растаймын.Ара-тұра суда хлордың дәмі мен иісі шығып тұруы қалыпты жағдай. Өтйкені көктем мен күз айларында қала суын хлормен зарасыздандырады. Алматы қаласында пайдаланып отырған судың 70 пайызы жерасты суы (500 метр тереңдіктен алынады), 30 пайызы тазартылған жерүсті суы. Мұнымен жұмыс тоқтап қалған жоқ. Қарастыратын мәселелер әлі де бар. Тек қана Алматы қаласы бойынша емес, өңірлер бойынша да таза ауыз-суымен қамтамасыз ету жоспарланып, мамандар өз жұмыстарын атқаруда.

                                             ТҰРСЫНЖАН Лаура,         Адырна ұлттық порталы

Пікірлер