Асхат Аймағамбетов: Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын

666

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында бірінші тоқсанда қашықтан оқыту туралы шешім қабылдауына байланысты  ата-аналар мен оқушыларға, сондай-ақ мұғалімдерге үндеу жасады.

"-Қымбатты ата-аналар! Төртінші тоқсан кезінде түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Балалар мен мұғалімдерге, ата-аналарға өте қиын болды. Бірақ сіздер жағдайға түсіністікпен қарадыңыздар.

Сіздердің осындай шешімге түсіністікпен қарағандарыңызды қалаймын. Бұл кезең аяқталатынына және біздің балалар мектепке оралатынына сенімдімін. Қазір біз білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қолданамыз.

 

"Оқушылар мектепті, достары мен мұғалімдерін сағынды. Шыдамдылық қажет! Біз коронавирусты жеңеміз, сіздер міндетті түрде мектепке барасыздар, бірақ қазір жақсылап демалып, оқу жылының басына дайындалу керек," -деді министр ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Министр биылғы жылы мұғалімдерге үлкен жүктеме болғанын атап, алғыс білдірді. Біліктілік курстарын дайындап, оқу жылын қашықтан бастайтынын жеткізді.

 

Айта кетейік, биылғы оқу жылының бірінші тоқсаны шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылды мектептерді қоспағанда, еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту форматында басталады.

-Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша, ахуал жақсарған жағдайда, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.

-Алдағы уақытта халықтың ауыру  деңгейі тұрақты төмендеуіне байланысты, мектептерді ақырындап аралас оқыту және штаттық форматта оқытуға көшіру жүргізіледі.

-ЖОО-ры мен колледждерде оқыту қашықтан оқыту режимінде ұйымдастырылады.

Дәстүрлі формат:

-жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін болады;

-шалғайда орналасқан колледждерде аз контингентімен санитарлық режимді нығайта отырып өткізіледі.

Пікірлер
Редакция таңдауы