17 сенатордың өкілеттігі тоқтайды

3815
Adyrna.kz Telegram
Бүгін мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенаты  сайлауын  12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шыққаны белгілі.  Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының онлайн режимде отырысы өтіп, онда сайлауға қатысты күнтізбелік іс-шарлар жоспары бекітілді. Ертеңнен бастап Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталады. 

ҚР Конституциясының 44-бабының 2- тармақшасына сәйкес,  15 қазанда ҚР Парламенті Сенатының 17 депутатының өкілеттік мерзімі аяқталады. ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, депутаттық өкілеттігі аяқталатын сенаторлар белгілі болды.

Олар:

  1. Айгүл Қапбарова  – Шымкент қаласы
  2. Рашит Әкімов  –  Ақмола облысы
  3. Төлеубек Мұқашев  – Алматы қаласы
  4. Серік Жақсыбеков –Нұр-Сұлтан қаласы
  5. Аңсар Мұсаханов  – Алматы облысы
  6.  Марат Тағымов – Ақтөбе облысы
  7. Сәрсенбай Еңсегенов – Атырау облысы
  8. Сергей Плотников – Шығыс Қазақстан облысы
  9. Мұратбай Жолдасбаев – Жамбыл облысы
  10. Ерболат Мұқаев – Батыс Қазақстан облысы
  11. Сергей Ершов – Қарағанды облысы
  12.  Серік Бектұрғанов – Қостанай облысы
  13. Бекмырза Еламанов – Қызылорда облысы
  14. Михаил Бортников – Маңғыстау облысы
  15. Манап Көбенов –Павлодар облысы
  16. Ольга Перепечина –Солтүстік Қазақстан облысы
  17. Әли Бектаев – Түркістан облысы

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер