Біздің «Адырнада» кеше жарияланған «Нефедова ханым пәтерін неше теңгеге жекешелендірді?» атты мақаламызға Екібастұз қаласы әкімдігінен ресми жауап келген екен. Осы жауапта тілге тиек етілген жайттарға үндемей қала алмадық.
Екібастұз қаласы әкімдігі Нефедова ханымның институтта сабақ беруі туралы: «... оның аталған жоғарғы оқу орнындағы жұмысы қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтінін жеткіземіз», - дейді. Бұлай деп терістейтіндей, біз әкім орынбасарының институтта сабақ беріп жүргендігі заңға қайшы деген жоқпыз ғой. Осыдан-ақ ресми жауап иелерінің сауатының сын көтермейтіні білініп қалды.
Біз «коронавирустың шахтерлар қаласында не себепті таралып жатқанының бір сырын осыдан да байқауға болады, шамасы, Нефедова ханымның коронавирустың алдын алумен айналысуға сабақтан қолы тимейтін болса керек...» дедік емес пе. Екеуі екі түрлі нәрсе. Жауапты қызметтегі адамның ақшаға бола өзінің негізгі қызметін ақсатқанының несі жөн?! Әкім орынбасары PhD докторлығын құндайтын болса, біржола білім саласына кеткені дұрыс емес пе?
Пәтер мәселесіне қатысты жауапқа келсек: «Н.В.Нефедова осы қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар қаласында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы лауазымында болған» деп әспеттепті. Құдай-ау! Құдды бір Нефедова ханым жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармадан абырой-беделі асқақтатып аттанған ба деп қалдық қой... Екібастұз қаласы әкімінің есте сақтау қабілеті «сыр беріп», Наталья Нефедованың бұрынғы қызметінен қандай жағдайда кеткенін ұмытып қалған болса, сайттардың біріндегі ақпарат арқылы өзіне түсінікті тілде еске салайық:
«В Павлодаре очень тихо борются с коррупцией (29.09.2017, 14:22). Антикоррупционная служба провела операцию в павлодарском Центре обслуживания молодежи, задержав ряд чиновников. Все сделали настолько тихо, что об этом стало известно только со слов свидетелей. Как рассказали очевидцы, 27 сентября во второй половине дня в Центр нагрянули оперативники регионального Департамента по противодействию коррупции. Якобы при передаче взятки взяли с поличным сотрудников Управления по вопросам молодежной политики Павлодарской области. Речь шла о сумме в 200 тысяч тенге, полученных в качестве отката. Свидетели видели, как из здания были выведены первый руководитель управления Наталья НЕФЕДОВА и главный специалист Жулдыз МАЛДЫБАЕВА.
Несмотря на непонятную секретность рядовой операции по борьбе с коррупцией, нам удалось выяснить, что Нефедова была допрошена в качестве свидетеля и отпущена. Тогда как Жулдыз Малдыбаева является подозреваемой в совершении уголовного правонарушения.
- На основании статьи 128 УПК РК Жулдыз Малдыбаева задержана, мера пресечения не определена, - пояснила пресс-секретарь прокуратуры Павлодарской области Аида СЫЗДЫКОВА.
Сейчас Наталья Нефедова продолжает исполнять свои обязанности, тогда как судьба ее подчиненной решится в ближайшие сутки: прокуроры либо запросят санкцию на арест, либо отпустят Жулдыз Малдыбаеву под подписку о невыезде. Автор: Джамиля Маричева. Источник: Ratel.kz».
Осы оқиға жөніндегі тағы бір ақпар бүй депті: «Суд №2 по уголовным делам Павлодара вынес приговор по делу бывшего главного специалиста областного управления молодежной политики Жулдыз Малдыбаевой. Чиновницу признали виновной в получении взятки в значительном размере. Во время процесса она заключила процессуальное соглашение в форме сделки о признании вины.
- Назначить ей наказание в виде штрафа в размере пятидесятикратной суммы взятки, то есть трёх миллионов тенге с конфискацией имущества, находящегося в собственности подсудимой, добытого преступным путем, либо приобретенного на средства, добытые преступным путем, - огласил вердикт судья Аскар Шоман. Также Жулдыз Малдыбаева лишена права занимать должности на госслужбе, правоохранительных органах и нацкомпаниях. Штраф в 3 млн тенге бывшая чиновница должна выплатить в течение месяца со дня вступления приговора в законную силу. В случае, если женщина не сможет выплатить эти деньги, штраф бывшей госслужащей заменят реальным сроком. Напомним, в марте 2017 года общественный фонд «Жас Толкын Павлодар» заключил с управлением по вопросам молодежной политики девять договоров в рамках государственного социального заказа на сумму более 10 млн тенге. В их числе и договор на общую сумму 1,4 млн тенге на развитие уличных молодежных движений в Прииртышье и мастер-классы для городской и сельской молодежи. По версии следствия, пользуясь своим служебным положением, Малдыбаева «намекнула» директору фонда Аслану Дюсенбаеву, что он, якобы, плохо делает свою работу, и поэтому в дальнейшем у него будут проблемы с выполнением обязательств по другим договорам. За определенное вознаграждение чиновница обещала свое «покровительство» в подписании творческих отчетов и актов выполненных работ. 22 сентября Аслан Дюсенбаев обратился с заявлением в антикоррупционную службу, а 27 сентября Жулдыз Малдыбаеву задержали сотрудники нацбюро в здании Центра обслуживания молодежи при получении 200 тысяч тенге, 60 тысяч из из этих денег должны были стать «вознаграждением» госслужащей. Светлана Воронова, pavlodarnews.kz».
Осы ақпараттарда аталған былық оқиғаның өзі-ақ Нефедова ханымның басшылық қабілетіне баға берді емес пе?! Бірақ қарамағындағы мекемені ойдағыдай басқара алмай, парақор адамды тәрбиелеп ағаттық жіберген адам, неге екенін кім білсін, өндірісті қала әкімінің орынбасары болып көтерілді де кетті. Негізі, осы Нефедова ханымның үнемі сүттен ақ, судан таза болып шығуына таңғалмасқа шараң жоқ. Таяуда коронавирусты құрықтай алмағаны үшін Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзаиповтың сөгіс алғанын күллі жұрт біледі. Әкім ғана емес, көптеген басшыларға сөгіс беріліп, тіпті жұмыстарынан босаған емхана басшылары бар. Жоғарыдағы әкім, астыдағы бас дәрігерлер түгел сөгіс алғанда, осы салаға тікелей жауапты Нефедова ханым тап-таза күйі ешқандай сөгіссіз шыға келді. Сонда бұл адамның кемшіліктерін көрсе де көрмей отырған жоғарыдағы көке кім?! Әйтпесе әкім емес, сөгісті Нефедова алуы керек қой?! Неге құзырлы орындар бұл жайтты қаперге алмай, әділетсіздікке жол беріп отыр?! Осы мәселеге қоғам болып наразылық көрсетуіміз керек сияқты?!
Екібастұз қаласы әкімдігінің «Адырнаға» берген терістемесіне оралайық.
«Қызмет бабымен Екібастұз қаласына көшіп келуіне байланысты, 28.08.19 ж. №29 Жалдау шартына сәйкес, Н.В.Нефедоваға мемлекеттік қызметтік тұрғын үй қорынан пәтер берілді. Бұл пәтер болса, жекешелендірілмеген».
Біз Нефедова ханымның қара басына екі бөлмелі пәтер берілгенін жазған едік. Терістемеде неге оған түсініктеме жоқ? Екібастұзда көптеген мүгедектер мен көп балалы аналар үйсіз жүргенде, әкім мырзаның отбасы жоқ, шұбырған баласы жоқ шенеуніктің қарақан басына орталықтағы екі бөлмелі баспананы бере салғаны неқылған мырзалық, бір бөлме берсе де жетпей ме? Әлде әкім мырза екінші бөлмені ғалымдық дәрежесі бар орынбасарының сабақ беруіне арнаған ба?!
«Пәтер жекешелендірілмеген» деген жауапқа, әрине, ешкім сенбейді. Оған жұрт сенуі үшін құзырлы органдар тексеріс жүргізсін, тексеріс кезінде жекешелендіру процесіне, яғни, комиссия отырысына қатысқан тұрғын үй комиссиясының әр мүшесінен жауап алсын. Сосын барып қорытындысын жарияласын. Сонда бәрі тайға таңба басқандай айқын болмақ.
Ал енді ресми жауаптағы «Әлеуметтік салаға тиесілі Екібастұз өңіріндегі барлық жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді» деген не сандырақ?! Жобалардың сәтті асырылғаны короновирустың көбейгендігі ме, әлде екібастұздық ұстаздардың зейнетақы аударымдарын көп айлардан бері ала алмай отырғандығы ма? Күні кеше паркте дарынды оқушылардың (әкім орынбасарының пәрменімен!) маскасыз марапатталып бір шулатқаны ма? Әлде ақпарат құралдарынан өзіміз көргендей, биыл бір мектеп директорының мұғалімдердің ақша талап ету оқиғасын білім саласы басшысының көпшіліктің алдында мойындағаны ма? Сәтті ештеңе көзге ілінбей тұрғаны-ай!
Асуан Тайжан,
Павлодар облысы