Әскери қызметшілер күрес жүргізумен қатар карантин шараларын сақтауды жалғастыруда

354

Төтенше жағдай режимі кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қазақстанның 29 қаласында жалпы ауданы 50 миллион шаршы метрден асатын 10,5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандарға және ұзындығы 4000 шақырымға жуық жол учаскелеріне дезинфекция жүргізді. 

Коронавирустық инфекцияның таралуы әлі де жалғасуда, Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын карантиндік шараларды сақтауға шақырды.

Елдегі төтенше жағдай режимі алынғанына қарамастан, вирустың таралу қаупі өте жоғары болып отыр.

Әскери қызметшілер кейбір қалаларда карантиндік шаралардың әлсіреуіне қарамастан, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. 

Әскери қызметшілер алғаш рет бетпе-бет келген коронавирустық инфекциямен күрес тәжірибесін осы саладағы мамандармен мұқият зерделеп, тиісті шараларды дұрыс ұйымдастыра білді. Қалаларда бұрын енгізілген барлық шектеулер қатаң бақылауда. 

Еліміздің азаматтары денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық және санитарлық - эпидемияға қарсы іс-шараларды орындауға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қатысуда. «Біз қауіпті дерттің өршіп тұрғанын дұрыс түсініп, сақтық шараларын қатаң сақтауымыз қажет. Бүгінгі дезинфекциялау жұмыстары  қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалуда», - деп атап өтті дезинфекция шараларына қатысушы ефрейтор Мұхамед Баянбаев. 

Дезинфекциялауға Семей қаласында 110 әскери қызметші мен 13 арнайы техника жұмылдырылды. Бір күннің ішінде әскери қызметшілер жалпы ауданы шамамен 20 000 м2 әлеуметтік маңызы бар нысандар мен халық көп шоғырланған жерлерді дезинфекциялау үшін 1000 м3 арнайы ерітіндісі қолданылды. Дезинфекциялау шараларына жұмылдырылған арнайы әскери техниканың жол жүру қауіпсіздігін әскери автокөлік инспекциясы қызметкерлері қамтамасыз етті. Әр нысанды өңдеу шаралары мұқият ұйымдастырылды. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы