Алишер Усманов Өзбекстан тұрғындарына тағы 1,5 млн доллар бөлді

2967
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің танымал миллиардері Алишер Усманов Өзбекстанның Наманган және Әндіжан облысындағы тұрмысы төмен 6 мың отбасыға 15 миллиард сум (1,5 млн доллар) бөлді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тізімі алынып, олардың карталарына қаражат аударылған және кейбіріне қолма-қол табыс етілген.

Алишер Усманов бұған дейін  Сардоба су қоймасы апатынан зардап шеккендерге 15 миллион доллар бөлген. Оның 10 миллионы өзбекстандықтарға берілсе, қалған 5 миллионы Қазақстанның Түркістан облысы Мақтарал ауданы тұрғындарына көмек ретінде жіберілген.

Алишер Усмановтың өзі Өзбекстанның Наманган облысы Чуст ауданында дүниеге келген. Ресейдің және Ұлыбританияның ең бай адамдарының қатарына кіреді. Forbes мәліметі бойынша, оның байлығы 13,4 млрд долларға бағаланады.

centralasian.org

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер