Павлодарда 5 қабатты үйден өрт шығып, 32 адамды эвакуацияланды

3023
Adyrna.kz Telegram

Облыс орталығында Катаев көшесіндегі бес қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ТЖД басқармасының мәліметінше, үшінші қабаттағы бір бөлмелі пәтердің ішінде және балконда үй заттары, жиһаз бен тұрмыстық техника өртенген.

- Жалын төртінші және бесінші қабаттардағы бір бөлмелі пәтерлердің балкондарын да шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға №3 өрт бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт он бес минут ішінде ауыздықталып, толықтай сөндірілді. Газдан қорғау қызметінің мамандары өрт шыққан подъезден отыз екі адамды эвакуациялады. Оның ішінде алтауы – бала, - дейді департаментте.

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишановтың айтуынша, өрт тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы салдарынан туындаған. - Өрттің жалпы аумағы 19 шаршы метрді құрады, - дейді Ренат Валишанов. - Қазіргі кезде өрт салдарынан келтірген шығын көлемі анықталып жатыр.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер