Павлодар облысында қатты желдің салдарынан 21 ауыл жарықсыз қалды

2533
Adyrna.kz Telegram
Фото: el.kz
Фото: el.kz

Павлодар облысында қатты соққан жел салдарынан 21 ауылда жарық өшті. Электр қуатынсыз қалған абоненттердің нақты саны белгісіз. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат бойынша, апат салдарын жою үшін 22 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылған. Ал жел жылдамлығы секундына 27 метрге жеткен. 

"8 наурызда 04:15-те Жаңатілек ауылында Б.Хайдаров атындағы мектептің шатыры жартылай ұшып кетті", – делінген хабарламада. 

Ал Павлодарда 4 қабатты әкімшілік ғимарат шатырсыз қалды. 

"Ауданы 1 440 шаршы метр болатын шатыр толығымен ұшып кетті. Ғимарат 1980 жылы салынған, соңғы рет былтыр жөндеу жүргізілген", – деп қосты ведомство өкілдері. 

Аймақта зардап шеккендер жоқ. Ал тұрғындар жел салдарының видеосын әлеуметтік желіде жариялаған. 

Пікірлер