"Майқайыңалтындағы" апат. 6 айдан соң үшінші құтқарушыны жерлеу рәсімі өтті

3977
Adyrna.kz Telegram
Фото: Болат Аманбаев парақшасынан
Фото: Болат Аманбаев парақшасынан

Кен орнында көз жұмған құтқарушының мүрдесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Майқайың алтын кен орнында оқыс оқиғадан қаза тапқан құтқарушы Айдос Шаймерденді туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы журналист Болат Аманбаев желідегі парақшасында жазды.

“Абыз жұрты Айдос Шаймерденді соңғы сапарға шығарып салды. 36 жасында бақилық болған құтқарушының артынды бес баласы қалды. Марқұмның денесі 6 ай 15 күн өткен соң барып табылды. Автобус жүргізушісі Әйіп Тлеубергенді іздеу жұмыстары жалғасуда”, - делінген Болат Аманбаевтың Facebook-тегі парақшасында.

Айдос Шаймерденнің денесі 19 шілде күні табылды. Алайда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына 4 қаңтар күні құлап кеткен автобус жүргізушісінің денесі жер астынан іздестіріліп жатыр.

Пікірлер