Қазақстанда ТЖ режимін бұзғандар үшін айыппұл 10 есеге көбейеді

3935
Adyrna.kz Telegram

© Әлихан Сариев

Мәжіліс депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізуді қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Енді төтенше жағдай режимін бұзғандар жарты миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Депутат Бейбіт Мамраевтың айтуынша, төтенше жағдай режимін немесе шектеу шараларына қатысты талаптарды орындаудан бас тартқандарға қатысты жауапкершілік күшейтіледі.

Осылайша 10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін (27,7 мың теңгеден 277,8 мың теңгеге дейін) айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделіп отыр. Ал ережебұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда 200 АЕК-ке (555,6 мың теңге) дейін немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер