Бар үмітім Сізде, Тоқаев мырза!

3790
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" порталының редакциясына әділдік іздеп күйінген мына хат Шығыс Қазақстан облысынан келіпті. Табиғи қорықта мемлекеттік инспектор болып істеген әкеме нақақ жала жабылып, кінәсіз күйіп отыр деген хат авторы Ел президентінен көмек күтеді. Тергеу әділ өтсе екен дейді. Әрбір хаттың соңында шырылдаған тағдыр барын ескеріп қаз-қалпында жариялап отырмыз.

Редакциядан

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!!!

Мен Амантайқызы Ақтолқын, ШҚО, бұрынғы Марқакөл ауданының тумасымын. Елімізге және жаһанға ауыр тиіп отырған  «COVID 19» пандемиясының таралуы салдарынан бірқатар өзекті мәселелердің туындап жатқанын терең түсіне отырып, құзырлы органдардың өрескел заң бұзушылықтарына күйініп Сізге амалсыздан хат жолдауға мәжбүрмін.

Менің әкем - Қақанов Амантай Чакенович Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында 2002 жылдан мемлекеттік инспектор қызметін атқарды. Осы қызметте атқарған жұмысы үшін бірнеше рет Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Алайда жұмысының ауырлығынан, қорықта инcпекторларға жұмыс жағдайы жасалмағандықтан денсаулығына зиянын тигізбей қоймады.

Әкеме 2016 жылы артериялық гипертензия (жоғарғы қан қысымы) диагнозы қойылып, ауруханаға тіркеуге тұрды. 2019 жылы сәуір айында подагра (тұз байлану ауруы) анықталып, ол да тіркеуге алынды. Тұрғылықты жерінің, жұмыс орынының бұл ауруларға қолайсыздығына байланысты, әке-шешеміз қалаға көшіп алуды ұйғарды. 2019 жылдың кезекті демаласын алып, көшеміз деген шешім қабылдады.

2019 жылдың мамыр айында әкем ММТҚ директоры Айкенев Тимур Калимжановичтың бұйрығымен жыл сайынғы уылдырық  шашу кезеңінде күзетті күшейту мақсатында «Тополевка» учаскісінде  2 ай аралығында өз жұмысын атқарды.

Осы кезеңде 26 маусымда инспекторлар  Нурпеисов Бауыржан Набиолданович пен Гущин Михаил Сергеевичтің күзету аймағы болған «Дальный Стан» учаскісінде көмілген балық табылып, қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыстық іске қатысты 2019 жылдың 29 шілдесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына ШҚО-на қарасты Марқакөл көліндегі ұйымдасқан қылмыстық  топтың іс-әрекетін тоқтатуды тапсырды.

Осы жылдың тамыз айында әке-шешем Өскемен қаласына көшіп келеді. Осы уақыттан бастап, жоғарыда айтылған қылмыстық іске байланысты әкеміз куәгер ретінде бірнеше рет шақыртылып, жауап алынады. 2019 жылдың 8 қарашасында кезекті рет шақыртылып 10 маусым 2018 жылы әкемнің бар жоқтығы анықталмаған, тергеу амалдары жасалынбаған, дәлелдемелері іздестіріліп, оның іске қатыстылығының бар жоқтығы анықталмаған іспен әкеме балық ресурстарын заңсыз аулады деп 335 баптың 4 бөлігімен қылмыстық іс қозғалады.  Осы іске байланысты адвокатпен кіріп 1 рет жауап алынды және 1 рет көзбе көз беттестіру болды. 335 баптың 4 тармағы бойынша қозғалып отырған қылмыстық істе әкеме қарсы куәлік еткен екі адамның  жауабы бар. Ол территориялық инспекцияның екі қызметкері,2018 жылы олар басқаша жауап қайтарған, 2019 жылы Президент тапсырмасы бойынша жүргізілген тергеу амалдары кезінде әкемді кінәлі деп басқаша жауап берген.

19 желтоқсан күні әкемді  ШҚО ПД ТТ тергеушісі полиция капитаны Байболов Е.Р, қарашада қозғалған іс бойынша жауап аламыз деп шақыртып ҚР президенті өз бақылауына алып отырған ҚР ҚК-нің 262 бабы 3 бөлігімен күдікті ретінде заңсыз, ешқандай негізсіз қамауға алады.

Әкемнен 262 бабы 3 бөлігі  бойынша одан бір де бір жауап алынбады. Бұл іске қатысты әкемді кінәлі деп таныйтындай ешқандай дәлел, айғақ, фото-видео материалдар жоқ. 4 адам қарсы куәлік етіп отыр, оның біреуі 2019 жылдың 26 маусымдағы іске тікелей қатысты. Тергеу амалдары барысында 2-уімен беттестіру жұмыстары жүргізіліп,олар өз сөздерінен бас тартты, өйткені олардың айтып отырғандары жала. Қалған 2-уімен тергеу амалдарын жасайық деп берген адвокаттардың арызын, тергеушілер ешқандай қарама қайшылық жоқ деп арызды қанағаттандырусыз тастады. Олар да өз сөздерінен бас тартатындарын білді.

22 желтоқсан күні санкциялық сот өтіп, сотта соталды тергеу амалдары жүргізілген уақытта әкемді 2 айға тергеу изоляторына қамауды ұйғарды.

Сол желтоқсан айынан бастап әкемнің қамауын ай сайын ай айға созып отыр. Тергеу амалдары кезінде тергеуге зиянын тигізбейді,  денсаулығы жоқ деп үй қамағын сұрап едік, 2 сотта тергеу амалдары кезінде үйге жіберуден бас тартты. Соңғы 2 санкциялық сотта тергеу амлдары бітті,іспен танысу кезінде үйде болсын деп үй қамағын сұрадық, ол соттар да арыздарымызды қанағаттандырусыз тастады.

Осыған дейін тергеуші әкемді куәлікке шақырған сайын 2013 жылдан 2018 жыл  аралығында ММТҚ –ның директор қызметін атқарған Тенкебаев Қуаныш Зайнолдаевичтың қызметі жайлы сұрақтар қойған болатын, қорғаушының айтуы бойынша 19 желтоқсанда да дәл осы сұрақтар қойып, жасамаған істі мойындауға шақырған, әкемнің осы директордың қызметіндегі заңбұзушылық әрекеттерін көрмедім, өзім де ешқандай заңбұзушылық әрекет жасамадым деген жауаптан соң қамауға алынып отырғандары белгілі.

19 қарашада 2019 жылдың 26 маусымындағы көмілген балыққа қатысты қамауда отырған Нурпеисов Б.Н пен Гущиннің  М.С тікелей басшысы болған Болусов Балуанбек Турсынбековичтың  куәлігімен бұрынғы директор қамауға алынып отыр. Бұл куәнің түсінігінде бұрынғы директорға  уылдырық бергені, беруге қысым көрсетіп, бермесе жұмыстан шығаруға дейін баратыны айтылған. Және Қақанов А.Ч мен Тенкебаев Қ.З жақын адамы деп көрсетілген. Болусов Б.Т куәлік етіп отырған сөздеріне ешқандай дәлел жоқ, ҚР президенті өз бақылауына алып отырған ұйымдасқан қылмыстық топ ісінде 2-ші адам болғандықтан,осындай куәлік беріп, жеңілдік алу мақсаты бар екендігі айдан анық. Тергеушілер Б.Т Болусовтан  Қ.З Тенкебаев және басқа мемлекеттік инспекторлардың іс әрекеттері жайлы ақпарат бермесе, қамауға алатанын айтқан, осыдан кейін Болусов Б.Т өз басын аман алып қалу үшін ешқандай дәлелсіз айтылған сөздермен, жала жауып отырғаны да белгілі.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекеті тоқтатылсын деп берілген жарлық 2019 жылдың 29 шілдесінде жарияланған, осы қылмыстық іске қатысты 2 күдікті тамыз айында қамауға алынды. Тергеушілерге ұйымдасқан қылмыстық топ шығару үшін әліде бірнеше қылмыскерлер қажет болды, уақыттың өтіп бара жатқандығына және бұл істі ұйымдасқан топ ретінде жабу қажеттігі туындағандықтан, берілген жарлықты абыройлы атқарып шығу мақсатында, тергеушілер қорық қызметкерлерін, сол жердегі қарапайым халықты қорқытып, күдерін ұшырып, халықты бір-біріне қайрап жалған ақпарат бергізіп,  қорқытып алынған жауаптарға сүйеніп, заңды белден басып, ешқандай дәлелсіз, істемеген істерін мойындату мақсатында қамауға алып, қорқытуға көшіп отыр. Тергеушілердің заңсыздықтарына прокурорлар мен соттарда қолдау көрсетіп, кінәсіз адамдарды қамауға алып отыр.

Біз әкемді ақтап алсын деп емес, құқық қорғау органдары ақ қараны танып, әділ шешім қабылдасын деп отырмыз. Істі бітті, іс әділ жүргізілсін деп жазған арыздарымыз қанағаттандырусыз қалды. Сондықтан прокуратура 262 баптың 3 тармағы (ұйымдасқан қылмыстық топ) жоқ болғандықтан осы бапты істен алып тастауларын сұраймыз. Сот органдары істі екі жақты қарап, біз ұсынып отырған материалдарды ұстанып әділ шешім қабылдаса екен дейміз.

Әкем 262 баптың 3 тармағы бойынша жазасын алатын болса Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұл дегеніміз әкем өмір бойы адал еңбекпен, тапқан таянғаны тәркіленіп, 55 жасқа жеткен кезде балаларын оқытып, жеткізіп, бір-бір үй қылып, енді бала-шағасының, немерелінің қызықтарын көретін шағында тар қапаста өткізу керек деген сөз.

Барлығы осы істе 5 адам жүр, оның 1-уі ММТҚ-ның бұрынғы директоры Қ.З Тенкебаев, 3-уі инспектор, 5-шісі Урунхайка ауылында балық сатып алумен, айналысатын, дүкендері бар комерсантка.

Қазіргі таңда әкем  Өскемен қалалық түзету мекемесінде қамауда отыр.

Шындыққа қол жеткізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Прокуроры К.А. Игембаевтың, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі С. Мадиевтің, жеке қабылдауларында болдық. «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысындағы филилиалының көмегімен ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал лейтенанты Е. Тұрғынбаев мырзамен бейнеселектор өткізіліп, әкеме қатысты жасалынған жала, яғни тергеушілермен жасалынған заң бұзушылықтар туралы жеткіздік. Бірақ берген барлық талап-тілектеріміз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «ANTIKOR ORTALYGY»-бастығы Е. Жалмагамбетке және ҚР Бас Прокуратурасына жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар бойынша хат жолдадық.

Қазіргі таңда іс бітіп, таныстыру жұмыстары  жүріп жатыр. Мен әкемнің әлеуметтік қорғаушысы ретінде 72 томнан тұратын іспен егжей-тегжейлі танысып, әкемнің 4  ай бойы қамауда не үшін отырғанын мүлдем түсіне алар емеспін. Әкеме тағылған кінә бойынша ешбір дәлел, айғақ атымен жоқ.

Аса құрметті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев!!! Тергеу органдарды істі бітіріп, таныстыру жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан енді Сізден өз құзіретіңізді пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан прокуратурасына осы заң бұзушылықты тоқтатуға және Шығыс Қазақстан облысына қарасты сот органдарына сот шешімдерін объективті қабылдауға нұсқау беруіңізді өтініп сұраймын.

Әкем - өмір бойы алдындағы асын адал еңбекпен тапқан, қатардағы қарапайым ауыл азаматының бірі. Тәрбиелеген ұл-қызы да ел игілігіне еңбек етуде. Бұл хатта жалғыз адамның тағдыры емес, сол адамды жақсы танитын, үлгі тұтатын, қазақ елінде әділдік барына сенетін талай адамның үміті жатыр. Сіз барда әділдіктің қарапайым халыққа да тиесілі екеніне сенімдіміз!!!!

Хат жолдаушы     Амантайқызы Ақтолқын

                                                                                  24.04.20 жыл

 

ҚАУЛЫ

 

2020 жылғы15 сәуір         6395-20-00-2-3м/883 Өскемен қаласы

 

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының  мамандандырылған тергеу сотының судьясы З.Р.Раймханова,

хатшылықта - сот мәжілісінің хатшысы М.Турдыбекова,

прокурор Ф.Қалидың,

қорғаушы-адвокат Қ.А. Исмаиловтың,

қатысуларымен ұялы телефон байланысы және дыбыс-бейне жазбасы арқылыашық сот отырысында СДТБТ-де№197464011000001 ретімен енгізіліген,

20.05.1965 жылы, Шығыс-Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Марқакөл ауылында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, арнайы орта білімді, жанұялы, бұрын сотты болмаған, «Сейнар» ЖШС-де жүргізуші болып жұмыс істейтін, ОВ-156/1 мекемесінде күзетпен ұстауда, Амантай Чакенович Какановқа қатысты қылмыстық іс бойынша ТТ жетекшісі - ШҚО ПД тергеу басқармасыныңбасшысының орынбасары Қ.М. Такжановтың, ШҚО прокурорының орынбасары Е.Джубановпен келісілгенқылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңіндекүдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін 1 (бір) айға дейін санкциялау туралы өтінішхатын қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

А.Ч. Каканов Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) 262-бабының 3-бөлігіндекөрсетілген, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, құрылған ұйымдастырылған тобында ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған деп күдіктенеді.

А.Ч. Каканов ҚҚ 335-бабының 4-бөлігінде уылдырық шашатын жерлерде, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақта қылмыстық топ жасаған, балық ресурстарын заңсыз алуқылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған деп күдіктенеді.

Сонымен қатар,А.Ч. Каканов ҚҚ 196-бабының 4-бөлігінде қарастырылған, қылмыстық топпен жасалған, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті өткізуқылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған деп күдіктенеді.

19.12.2019 жылыА.Ч. Каканов ҚК 335-бабының 4-бөлігімен қылмысты жасағаны үшін күдікті ретінде танылды.

19.12.2019 жылы 18 сағат 00 минутта А.Ч. КакановҚазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай - ҚПК) 128 бабына сәйкес ұсталынды.

 

 

 

Пікірлер