ДИНА ЕЛГЕЗЕК: Бір ғана Оңтүстік өңірдің күллі Қазақстанды көкініспен қамтуға шамасы бар

2979
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстікте 250 мың тонна капуста пісіп тұр. Диханшылар қазір көкіністің келісін 10 теңгеге өткізе алмай отыр деседі. Мен 2-3 апта бұрын жаңа піскен қырыққабаттың біреуін 500 теңгеге сатып алдым. Бір ғана Оңтүстік өңірдің күллі Қазақстанды жеміс-жидек, көкініспен қамтуға шамасы бар. Жері құнарлы, ауа-райы қолайлы, халқы еңбекқор. Мемлекеттен үнемі қайыр сұрауға арланбайтын ФОРБС-тың олигархтарына ақша үлестіргенше деймін де, инвестицияны Оңтүстіктің ауылшаруашылық саласына құйсашы. "2 емес 5 қоянды бір оқпен атуға" болушы еді. "Екі қолға бір күрек іздеп" әр өңірде сабылып жүретін оңтүстіктегі ағайын жұмыспен қамтылады - бір, бюджеттен жәрдем алушылар саны азаяды - екі, қытайдан тасымалданатын сапасы күмәнді көкініс рыноктан өздігінен жоғалады - үш, отандық өніммен ішкі сұранысты өтеуге мүмкіндік жолы ашылады - төрт, аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарады - 5.
Үкіметте Оңтүстік аймақтық агрокешенін дамытуға арналған "развернутый" мықты бағдарлама қабылданса, оның іске асырылуын тиянақты қадағаласа және жақсылап ақша құйылса болды емес пе?! Билікте қонжиып алған бюджеттік бизнесмендер мен экономикалық секторға жауапты өңшең "кабинетный Шелпекбайлар" қашан орындарын босатар екен? Алқаптарда диханшылармен қоса жанып-күйіп жүретін нағыз іскер менеджерлер "көбік ауыз" Үкіметтің көлеңкесінде қалып кетер ме екен, ә?!

Пікірлер