Халықтың шыдамы резина емес!

7853
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы Әкімінің назарына!

Бұл, атыраулық ағайынның жанайқайы. Батыстағы ағайынның басым бөлігі төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік көмекті алмағандарын айтып шағымдануда. Сондай-ақ, кәсіпкерлер де карантин режимін жеңілдетіп, 1 мамырдан бастап жұмысқа оралуға мүмкіндік беруін талап етіп отыр. Тұрғындар жағдайдың ушығып бара жатқанын айтып дабыл қағуда.

"Сәлеметсіздерме, Менім аты-жөнім Кукенова Сандуғаш. Осы постты жаза отырып,мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде біздің билікке өте өкпелімін. Осы 42500 теңгенің жыры әлі бітпеді. Менің 3 балам бар, неге мен 42500 тенгені ала алмаймын? Түрлі сылтау жаздыныздар құдай сақтасын.Сіздер жұмыс жасап жүрген адамдарға беріп жатсыздар себебі қайтып алатын болғасын. Мен неге үкіметтен көмек күте алмаймын? Неге?

Карантинге жаптындар цементте отырмыз, тұншығып. Не деген маскара мынау? Мен 3 ұл тарбиелеп отырмын. Неге менің ұлдарым армияға бару керек? Мен сонда Ұлдарымды Үкіметтің көмегінсіз өсіру керекпін бе? Сіздер ең болмағанда қиын кезеңде көмектессеңіздер. Осылай жалғаса берсе мен қарап отырмаймын, Алаңға шығамын. Билік түгел кету керек. Бізге бұндай Биліктің еш керегі жоқ. Әділдік болмаса мен неге заңга бағыну керекпін?

Министр мырзалар орындарыңды босатыңдар қолдарыңнан түк келмесе.Сосын 1-2-3 балалары барлар адам емес па? Оларда ауыз жоқ па? Неге бөлесіздер? Біздер еріккеннен үйде отырған жоқпыз! Бала бақшаны 1 жастан қылыңдар онда. Шыдамның да шегі бар. Мен өзім ешкімнен қорықпаймын тек бір Алла жар болсын. Қаным төгілсе де балдарым үшін бәріне дайынмын. Карантин деп жарияладыңдар ма онда халықтың жағдайы жасалсын. 42500 жыр қылмай. Күлкі болмаңдар. Халықтың шыдамы резина емес.!!!!!!!

Жазба Фейсбук әлеуметтік желісінен алынды

Фото: Ашық интернет көзінен

Пікірлер