Ресейде Жеңіс шеруі кейінге қалды

3251
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған шеру кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Президент бұны Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында айтты, деп жазады centralasian.org.

Путиннің мәлімдеуінше, "эпидемияның күшею кезеңі артта қалғанына қарамастан, ауру жұқтыру қаупі сейілген жоқ". Сол себепті ол Жеңіс шеруі мен басқа да көпшілік іс-шараларға дайындықты кейінге қалдыруды тапсырды.

"Біз коронавирус қаупі сейілген соң Жеңіс күніне арналған барлық іс-шараларды биыл өткіземіз, Мәскеуде де шеру болады, "Мәңгілік полк" маршы да ұйымдастырылады", - деп мәлімдеді президент.

Бұның алдында Ресейдегі ардагерлер ұйымдары президенттен Жеңіс шеруін кейінге қалдыруын сұраған.

Ресейде коронавирус барлық аймақтарда тіркелді. Сәрсенбі күні елде 3448 адамның COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны анықталды. Ресейде 27 938 адам коронавирус жұқтырған, 232 адам қайтыс болған, 2304 адам аурудан айыққан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер