Тарихи ескерткіштер - тарих куәсі

4675
Adyrna.kz Telegram

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында айтып өткендей, әрбір азамат өзі туған өлкенің тарихын білуі, әрбір өскелең ұрпақ өз халқының тағылымы мол тарихи ескерткіштерімен таныс болуы керек деп білемін. Осы тұста, өзімнің туған өлкем Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Қоғам елді-мекенінде орналасқан «Арыстан баб» кесенесінің тарихына үңілуді жөн көрдім.

Бәріміз білетіндей, Арыстанбаб тек еліміздің ғана емес, түркі әлемінің дамуына үлес қосқан ірі тұлға болды. Арыстанбаб туралы қазақта аңыз да, жыр да аз емес. Қазақтың ұлы ойшылы, түркістандық ғұлама Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы болған. Осы ұлы тұлғаның басына орнатылған кесене бүгінде адам көп баратын қасиетті мекенге айналып отыр. Кесене мешіт,дәліз,қабірхана азан шақыратын мұнара сынды бөліктерден тұрады және ең көне бөлігі қабірхана көрінеді. Мазар 14 ғасырда және 20 ғасырдың басында жөндеуден өткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Арыстанбаб кесенесінің  төбесін ешқашан бұлт баспайды екен, әрдайым ашық аспан астында тұрады. Ел ішінен Арыстанбаб кесенесіне барып, тілегі қабыл болып оралыпты дегенді де көп естиміз. Мұның бәрі Арыстанбабтың қасиетті адам болғаны туралы аңыздарды дәлелдей түседі.

Тарихымызда Арыстанбаб секілді ұлы тұлғалар да, кешегіден бүгінге аманат етілген ескерткіштер де аз емес. Біздегі міндет-аманатқа қиянат жасамай, оларды сақтап қалу. Тарихын білмеген адамның болашағы бұлыңғыр екені анық. Сол себепті әр өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өз тарихын білуі міндет.

Фатима Касымкул

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем  тілдері факультетінің студенті

Ғылыми жоба жетекшісі: Ф. Қозыбақова,

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Пікірлер