Абайға арнау

6983
Adyrna.kz Telegram

Абайдың ойы терең, сыр шертеді,
Әндері ғаламшарды тербетеді.
Қара сөзбен дүр сілкінтіп дүниені,
Тыңнан түрен жол салып берген еді.

Ғылымды таппай жатып мақтанбайық!
Әрдайым надандықтан сақтанайық!
Өлеңімен жүрекке жылу берген,
Абайды оқып, тәлімінен бақ табайық!

Дәріптейік ғұлама, данамызды,
Данамызды, осын-ау даламызды.
Абайдың хикмет сөзі мирас болар,
Сондықтан сақтау керек дарамызды.

Ақынды бар жұртшылық тану міндет,
Білімсіз қоғам надан бұл бір індет.
Абайдан ізгілік ала аласың,
Ілім алып, сөз жаттап, рухты тіктеп.

Жасында ізденіспен жол бастаған,
Осылай білімпазға ой нұсқаған.
Қамараддин ұстазын үлгі тұтып,
Бар тарапқа ел үшін сөз қозғаған.

Абайдың әрбір сөзі ғибрат берер,
Кейбіреу оқып алып, жөнге келер.
Ақынның бар өнерін танытайық,
Жолын қусаң білімі нұрын төгер.

Абайдың қасиетті қазынасын,
Қорғайық ілімі кен, тасығасын.
Жастарға шабыт, ақыл берген ақын,
Пір тұтып қадірлейік мол мұрасын.

Өсиеті өрнекті бар үлгісі,
Өлеңінің сыңғырлы ән-әуезі.
Қазағым атын айтып мақтанайық,
Абайдың асыл сөзі, өшпес ізі!

Бекмуханова Сырғалым Елжанқызы,
Алматы облысы Шошанай орта мектебінің 8-сынып оқушысы

Пікірлер