БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Бастарың істей ма сендердің?

2868
Adyrna.kz Telegram

Италияда бір күнде коронавирустан 427 азамат қайтыс болды. Ел бойынша жалпы саны 3405 азамат өмірімен қош айтысты.

Бізде Алматы мен Астанадан асып Қарағандыға жетті.

Осы орайда елде тараған ақпараттардың ішіндегі екі нәрсеге назар аударғым келеді:

1. Коронавирус Қытайдан алғаш шыққанда "Бұл жаратушының Қытайға мұсылмандарды қырғаны үшін жіберген жазасы" деді.

2. Қазір елімізге коронавирус келгенде "Бұл енді биліктің арнайы әрекеті. Жақында президент ауысады" деген сарапшылар шықты.

Осыған сенетін, індетті көңілге алмай жүрген қаншама халық бар. Осы тектес ақпарат таратушы аналитиктерден мен сұрағым келетін бір ғана сұрақ бар. Бастарың істей ма сендердің? Қайдан шығады осындай аналитиктер?

Басқа-басқа елде төтенше жағдай орын алып жатқанда саяси өзгеріс болмайды. Төтенше жағдай уақыты біткен күні қозғасаңдар бір сәрі. Елді бейқам ұстауға сендіретін жалған ақпарат тарату халыққа қарсы қылмыс деп білемін. Коронавирустың қауіпті екенін сезу үшін Италиядағыдай күніне 427 қазақ кетуі керек пе? Құдай айтқан жерден аулақ қылсын.

Негізі екінің бірі аналитик болған заманда өмір сүріп жатырмыз ғой. Бірақ бұл деген сөз әркімнің сандырағына еру дегенді білдірмейді. Ақылға тоқтап есімізді жинауымыз қажет.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер