Ұлттық сусын тегін үлестірілуде

3279
Adyrna.kz Telegram

Белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов туған жері ­– Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылының тұрғындарына тегін қымыз таратып, спирттік ішімдік саудасын тоқтатты.

Кәсіпкер әуелде  орталықтағы мешіттердің бірінде кез-келген адам кіріп, тегін қымыз ішуге мүмкіндік  жасап қойған. Осының арқасында жергілікті дүкендер спирттік ішімдікті саудалауды тоқтатқан. Оның мұндай қайырымдылық іспен айналысуына салауатты өмір салтын насихаттау мен жастарды спортқа баулуға деген құлшынысы себеп болған. Сонымен қатар ол қазақтың ұлттық сусынын танымал брентке айналдыруға ниетті. Осы мақсатта Жыланды ауылында қатарынынан 20 құлынды бие сауылып жатыр. Бұл жерде қымыздан басқа да сүт өнімдері дайындалып, олар да тегін таратылуда. Ол жерде жұмыс істеп жатқан сауыншылар мен жұмысшыларға кәсіпкер өз қалтасынан еңбекақы төлеп отыр. 

Бауыржан Кеңесбекұлы Оспановтың Жыланды ауылдық округіне көрсетілген демеушілігі.

2002 жыл. Жыланды ауылында 130 орынды мешіт салынды, 2010 жылы Жыланды ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, Спорт кешені салынды, 2011 жылы Жыланды орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілді.

2012 жыл. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орталығы және 15 адамдық жұмыс орны ашылды (тігін цехы, шаштараз, аяқ киім жөндеу). Жас мамандарға 3 тұрғын үй салынды. 2013 жылы Жыланды мектеп-лицей мамандарына 11 тұрғын үй салынып, (тұрмыстық техникасымен, жиһаздарымен) берілді. 3 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткі­зілді. Ауылдық мәдениет үйіне кинотеатр қойылды. Ауылдың жастарына дема­лыс саябағы салынып, көшелерге жарық бағана­лары орнатылды. «Мектепке жол» акциясы­мен мектеп оқушылары мен ұстаздары және кіші техникалық қызметкерлері толықтай киіммен қамтылды. Мектеп кітапханасы оқу құралдарымен электронды оқу кітаптарымен, жиһаздарымен толық жабдықталды. Мектепке 15 компьютер мен 40 парта берілді. Мектеп интернатында 40 орындық жатар жер толықтай жабдықталды. Мектептің физика, биология, химия зертханалары толықтай жабдықталды. Жетісу Алатауы ұлттық табиғи паркіне ғимарат салынып берілді. Жыл сайын жағдайы төмен отбасыларға, көп балалыларға, жетім-жесірлерге ақшалай, заттай, малдай көмек көрсетіледі. Жыланды ауылдық округі әкімдігінің ғимараты толық күрделі жөндеуден өткізілді. Мәдениет үйі ағымды жөндеуден өткізілді. 2002 жылдан бері Жыланды ауылдық мешіті (қысқы жылыту кезеңі, ағымды жөндеу, имамның еңбекақысы, барлық діни мерекелер) толық қаржыландырылды. 1998 жылдан бастап ауылдағы мәдени іс-шараларды толығымен қаржыландырады. Денсаулығы нашар азаматтардың ем алуына толық көмек көрсетіледі. 2014 жылы 2 тұрғын үй салынды. Орталық монша салып, қолданысқа берілді. 2015 жылы орталық саябаққа спорт жабдықтары, соғыс құрбандарына арналған ескерткіш орнатты.

Лепсі ауылдық округінде 2014 жылы «Ауылым» кафесі күрделі жөндеуден өтіп, барлық жиһазымен халық игілігіне берілді. 2014 жылы ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кинотеатр ашылды. 2014 жылы бал қораптау цехы ашылды; 2014 жылы ауылдың ішкі көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға барлығы 280 млн. теңге қаражат бөлінген.


  Жасұлан Наурызәлі

 

   

 

 

 

 

 

 

Пікірлер