Ерлан Нұрғалиевті өлтірген үш адам өмір бойы түрме жазасына кесілді

5017
Adyrna.kz Telegram

Сот инспектор Ерлан Нұрғалиевті өлтірген, Петр Ницекті өлтіруге тырысқан үш ер адамды және бір топ заңсыз аң аулағандарды кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бұл іске қатысты қалған тұлғалар - Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімов, заңсыз аң аулағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаны орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Барлық сотталғандар аң аулау құқығынан бес жылға айырылып, 20 және 30 АЕК көлемінде өтемақы төлеуге міндетті.

Сонымен қатар, сот олардан 17 ақбөкенді өлтіргені үшін өтемақы ретінде 89 миллионнан астам теңге өндіріп алуға қаулы етті.

Еске салайық, 27 тамызда Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау басталған. Күдіктілердің қатарында Қызылорда облысының жеті тұрғыны болған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, биыл қаңтарда олар алдын ала келісіп, Қарағанды облысының Нұра ауданына ақбөкенді аулауға шыққан. Онда 17 ақбөкенді атып, "Охотзоопром" қорықшылық қызметкерлерінің көзіне түскен. Олар қашып құтыламыз деп инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкке шабуыл жасаған. Нәтижесінде екі қызметкер де ауыр жарақат алды. Ер адамдар олардың қызметтік көлігі мен GPS кілттерін алып кеткендіктен, зардап шеккендерді бірнеше сағаттан кейін ғана табылған. Алайда Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер