Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен. Әскери бөлімде қару жарақтың жоғалғануына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.Бадам ауылында орналасқан әскери бөлім маңында жергілікті тұрғындар көптеген әскери мен полицейді байқаған.
Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі қару-жарақтың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл ақпаратты Шымкент гарнизоны бастығының орынбасары Ермек Шалбаев растады.
Еске салайық, Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен. 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған.
"Сол уақытта атыс қаруының саны азайғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күшімен әскери қызметкер мен жоғалған қаруларды іздеу және ұстау бойынша шұғыл шаралары жүріп жатыр", - деді ведомстводағылар.
Tengrinews.kz оқырмандары редакцияның WhatsApp-нөміріне жіберген мәлімет бойынша, оқиға №10216 әскери бөлімінде болған. Бұл Шымкенттен 30 шақырым жердегі Бадам ауылы.
Сол хабарламада 20 ақпанға қараған түні кіші сержанттың қызмет орнын өз еркімен тастап кеткені айтылады. Ол өзімен бірге 30 Калашников автоматы мен 27 Макаров тапаншасын және 429 оқ-дәрі алып кеткен делінеді.
tengrinews.kz