Коронавирус: Қытайда атақты режиссер мен оның отбасы қайтыс болды

4129
Adyrna.kz Telegram

20 ақпандағы таңғы жағдай бойынша бүкіл әлем бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 75 713 адам болды, құрбан болғандар саны 2126 адамға жетті. Тағы 16 231 науқас ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап South China Morning Post хабарлайды.

Коронавирустың таралу ошағы орналасқан Хубей провинциясында 108 жаңа өлім тіркелді, ал жалпы ел бойынша - 114 жағдай.

Жапонның NHK телеарнасының ақпараты бойынша, Жапониядағы Diamond Princess круиз лайнерінде COVID-2019 алғашқы құрбандары пайда болған. Екі адам қайтыс болған.

Ухан қаласында 55 жастағы кинорежиссер, Hubei Film Studio кинокомпаниясының өкілі Чан Кай қайтыс болған. Бұл туралы The Guardian хабарлады. Ол және оның әпкесі ата-анасынан вирус жұқтырған. Жергілікті ауруханаларда орын жетіспегендіктен режиссер әкесі мен анасын ауруханаға жатқыза алмаған.

Кинематографистің әкесі 25 қаңтарда қайтыс болды. Оның ыстығы көтеріліп, жөтеліп, тыныс алуы қиындап кеткен. Содан кейін режиссердің анасы қайтыс болды. Осыдан кейін Чан Кай мен оның әпкесі де вирус жұқтырғаны белгілі болған.

Режиссер инфекцияның ерте даму кезеңінде емдеуден бас тартыпты. Ол 14 ақпанда, алдын ала достарымен Интернет және Ұлыбританияда оқитын ұлымен қоштасқан. Чан Кайдың әпкесі де қайтыс болған. Режиссердің әйелі қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

Чан Кай Ухандағы ЖОО-да журналистика университетін бітіргеннен кейін киностудияда 1989 жылдан бастап жұмыс істеп келген.

tengrinews.kz

Пікірлер