Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы демеуші іздеп жатыр

3554
Adyrna.kz Telegram

Не бары 8 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен, әлемнің үздік бестігінде нық тұрған қазақстандық  кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы командасына демеуші іздеп жатыр. Бұл туралы өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды adyrna.kz.

"Біздің елде қазір спортшыларды қолдайтын, соларға демеушілік жасайтын кәсіпкер ағалар жетерлік. Солардың көмегімен біраз спортшы алаңсыз жаттығу жасап, шыңдалып, шымырлануда. Туды желбіретіп, намысты қорғап жатыр.

Біз Америкаға демеушісіз келіп, өз күшімізбен біраз тірлік жасап жүргенімізді осындағы ағайын, бокс жанкүйерлері өте жақсы біледі. Дәл қазір біздің командаға демеушілік жасап отырған ешкім жоқ. Футболка мен шортыдағы логотип қоятын жерлер боп-бос😎
Биылғы жаттығу шығындары өзіміз ойлағаннан да сәл көбірек болып, осы постты жазып отырмыз. Олай болуы да заңды. Себебі әр жекпе-жек сайын өсіп жатырмыз. Өсу үшін мықты мамандармен жұмыс істеуіміз керек", деді.

Сонымен қатар ол: "Біз әлем танитын команда болу жолында келе жатырмыз. Бар жоғы 8 жекпе-жекпен әлемнің үздік бестігіндеміз. Биыл біз үшін өте маңызды жыл. Чемпиондық жыл. Жарқырайтын жыл. Біздің командамен бірге болып, демеушілік жасап, қолдаймын дейтін демеуші іздеп жатырмыз. Қазақ стилін әлемге таныту жолында бірге еңбек етуге дайынбыз. Сұрақтар болса жекеге жазсаңыздар болады. teamjanibek@gmail.com поштасы да жұмыс істеп тұр", деп жазды.

Пікірлер