Ассамблея Қордайдағы оқиғаға қатысты не деді?    

3618
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы  оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме таратты. Ассамблея қазақстандықтарды ашуға бой алдырмауға шақырды.

ҚХА Масаншы  кентіндегі қақтығыста қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұға қоса ассамблея қазақстандықтарды қақтығыстың салдарын жоюға бағытталған күш-жігерді қолдауға, Президенттің тапсырмасын орындауға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.

«Ассамблея мүшелері барлық кінәлілер заңға сәйкес анықталып, жазалануы керек деген ортақ пікір айтады. Сондықтан бүгінгі күннің ең маңызды міндеті - арандатушылыққа бой алдырмау, жекелеген адамдар жасаған заңсыздықтар үшін барлық ұлттарды айыптауға жол бермеу керек» делінген мәлімдемеде.

Ассамблея халықтың даналығына сенім білдіріп,  біздің азаматтарымызды, әсіресе жастарды елдегі бейбітшілік пен келісімді бұзатын және өздеріне зиян келтіретін өрескел сөздер мен әрекеттерден аулақ болуға шақырады.

«Біз Қазақстан халқы әрқашан бір-бірімен бауырластық қатынастардың үлгісі болған және бола беретініне сенімдіміз.Балаларымыздың ортақ болашағы үшін біз этникалық араздықты қоздыруға жол бермеуіміз керек. Біз азаматтарды жалған қауесеттерге бой алдырмауға, қоғамдық қауіпсіздік пен адамдардың тыныштығын қамтамасыз етуге құқық қорғау органдарына көмектесуге, елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға шақырамыз », - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер