Коронавирус бақылаудан шығып кетті!

5718
Adyrna.kz Telegram

Қазір бүкіл әлем Қытайға қарап елеңдеп отыр. Емі жоқ белгісіз вирус адамзатқа зор қауіп төндіруде. Басында жылан мен жарғанаттан тарады деп  болжам жасағанмен, лабороториядан тараған деген де ақпараттың шеті қылтиған болатын. Бүгінде коронавирус бақылаудан шығып кетті деген де ақпараттар пайда болып жатыр.

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш вирустың таралуы ресми ақпараттан әлдеқайда көп дейді. Бұл жайлы ол өзінің Фейсбук парақшасында жариялады.

"Қытайдағы коронавирустың "екпіні" ресми ақпараттан әлдеқайда сұмдық көрінеді. Гонконг университетінің мамандары вирустың таралуын компьютерлік модель арқылы зерттеп көріпті. Әр адам 2-3 адамға індет жұқтырды деп қарастырғанда, жұқтырғандардың саны 25-қаңтарға дейін 75 мыңнан асқан! Вирус инкубациялық кезеңде де жұға беретін қасиетке ие көрінеді. Соңғы айларда қауіпті індет дамудың үшінші кезеңіне өтіпті. Қазір қытайлықтар Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдегі маскі шығаратын кәсіпорындарды миллиондаған дана тапсырыспен "көміп" тастаған. Видеодағы көліктің нөмірі Қытайдың Іле-қазақ автономиялы облысы Тарбағатай аймағында тіркелген. Онда да көшеге шықпауға кеңес беріп жатыр. Алла елімізді, арғы беттегі бауырларымызды індеттен сақтасын!" деп жазды журналист.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер