Мәскеуде бір уақытта Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы мен немере інісі қайтыс болды.
Жақын туыстары журналистерге 5 ақпанда экс-президент Айдар Ақаевтың 43 жастағы үлкен ұлы кенеттен қайтыс болғанын хабарлады. Оның жүрек соғысы тоқтаған.
Экс-президенттің 59 жастағы немере інісі Кубан Ақаевтың қайтыс болған күні нақты айтылмайды. Шу облысы Кемин ауданы әкімшілігінің өкілдері мен туыстары мәйіт Мәскеуден жеткізіліп, осы жерге жерленгенін ғана хабарлады. Кубан бұрынғы президенттің ағасы Шілтен Ақаевтың ұлы болған.
Асқар Ақаев Қырғызстанды тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап 2005 жылға дейін басқарды. Елде революция болған кезде президент отбасы мүшелерімен бірге Ресейге қашып кетті. Ол Мәскеуде ғылыми және оқытушылық қызметпен айналыса бастады. Айдардан басқа, Ақаевтың үш баласы бар - қыздары Бермет және Саадат және ұлы Илим.
Айдар Ақаев 1998-2001 жылдары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлиямен отау құрды. Кейін ол киномотография ортасында танымал Чокубаевтар отбасының Сайкал есімді қызына үйленді. Түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, ерлі-зайыптылардың екі-үш баласы болған. Мәскеуде Айдар Ақаев кәсіппен айналысқан. Қырғыз билігі оны экономикалық қылмыс жасады деген күдікпен іздеушілер тізіміне алды.
FE.