Зайсандағы сот: 12 белсенді қамауға алынды

3839

Бүгін Қазақстанның назары  ШҚО, Зайсан қаласына ауды. Қытайдағы қысымнан қашқан қос қазақ Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының сотының дүбірі Алтай мен Атырау арасын теңселтті. Бауырымызды Қытайға бермейміз, бергізбейміз деп келген халық аудандық сот залына сыймай қалды. Осы сот басталмай тұрып, сотқа келген белсенділермен жергілікті полиция арасында сөзге келіспеушілік болып қалып жатты. Аядай тар бөлмедегі сотқа халық бәрі кіргісі келгенмен, туыстары мен қоғам белсенділері, журналистер ғана кіргізілді. Осыған байланысты даладағы халық пен полиция арасында түсініспреушілік те орын алды. Бас жарып, қол сынған ештемесі жоқ. Сот шешіміне риза болған халық соттан кейін сот пен прокурорға, полицияға ризашылығын білдіріп, алғысын айтып тараған болатын.

Бірақ, ерте қуаныпты. Қаладан шыға берістегі жанар май құю стансасының қасында "керекті адамдарын" күтіп тұрған полиция, қарындашының ұшына түртіп алған белсенділерді қамауға алыпты. Зайсаннан 170 шақырым ұзап кеткен семейлік белсенділер мінген көлікті де жолдан тоқтатып, екі адамды қайтадан Зайсанға алып келе жатыр дейді бізге Зайсаннан хабарласқан белсенді. Толық ақпараттарды қосымша хабарлайтын боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотында "мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталған этникалық екі қазақ Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына үкім оқылды. Судья Оспанова Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын әрқайсысын бір жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтінін айтты. Бұған қоса, олардың әрқайсысына 25 250 теңге көлемінде айыппұл салды.

Бүгінгі сотқа Қарағанды, Шымкент, Алматы тағы басқа аймақтардан  Қастер мен Мұрагерді қолдап, көп адам келді. Сот залына сыймаған халық  екі азаматты сыртта қолдап тұрды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы