Министр Тұрғымбаев кінәлі!

3741
Adyrna.kz Telegram

Кім кінәлі?

Ішкі Істер Министрлігі (МВД) кінәлі!

Армения, Қырғызстан, Ресей, Беларусия көліктері елге кеше ғана кіріп жатқан жоқ! Бір жылдан аса уақыт өтті. 170 мың машина кіріп болған соң, заң бар екені естеріне түсіпті. Ең болмаса уақытша тіркеуге алу керек еді...
Ал біздікілер тек сақтандыру беріп жүргізіп қойды. Енді келіп жыл соңында, 90 мыңнан аса тәртіп бұзушыларды көріп сергекке түскен, 1 миллиард қарызды қалай өндірерін білмей, министрлік шектеу қоймақшы! Бір жылдан бері Ерлан Тұрғымбаев мырза қайда қарадыңыз? Тіркелмеген көліктер адам қағып, қылмыс жасап жүрмегеніне кепілдік бересіз бе? Неге біз үнемі кеш әрекет жасаймыз?

Әділет және ІІМ министрлігіне сұрақ! Еуросоюз елдеріне кіретін көліктер біріңғай нөмірлер арқылы, бір мемлекеттен бір мемлекетке өтіп жүре береді. Біз қашан осылай жүреміз? Неге халық зардап шегу керек!? Халықты билікке қарсы қоюды қашан тоқтатасыздар? Бұл тікелей МВД- нің қателігі, министр Ерлан мырза біз сияқты қоғам белсенділерін қолын қайырып қамап қоятын едіңіз. Енді бүкіл қалалаларда митингіге шығып жатқан ер азаматтарды да солай жасайсыз ба? Бір қазақ бір қазаққа оқ ататын болса, қаны МВД- ның мойнында!

Айгүл Орынбек

Пікірлер