«Адырна» клубы Қымбат Әбділдақызымен кездесті

2691
Adyrna.kz Telegram

“Айгөлек” журналын оқитын барша бүлдіршіндердің анасы атанған, бір бойыңа ерлік те, өрлік те, ешкімге ұқсамайтын дара мінезі жинақталған Қымбат Әбілдақызын танымайтын адам кемде-кем. Әсіресе, ол кісінің қазақтық рухы, қай жерде болмасын айтқан жігерлі сөздері “Әй, бәрекелді!” деген сүйсініс тудырады. «Адырна» клубының  ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың қара шаңырағында Қымбат апаймен жарқын кездесу болып өтті.

Кей адамдарға сирек берілетін бір қасиет бар. Ол қандай орта болмасын, сол ауранын тізгігін қолында ұстау, дұрысы баурап алу. Қымпат апайдың табалдырықтан басын иіп аттаған сәтінен осы қасиетті танығандай болдық. Сіздерге өтірік, бізге шын, 1 сағатқа деп жоспарлаған кездесуіміз 3 сағаттан асып барып жығылды. Көкейде жүрген көп түйіткілді жайлардың басы ашылды. Тіл тағдыры, тәрбие, салт-дәстүрге қатысты проблемаларға жаңа қырынан келіп, тереңнен қазбалап қорытуға Қымбат апайдың  күнделікті өмірден алынған мысалдары түрткі болды. Бір жағынан күлдіргі, қызық болғанымен, сол оқиғаларда тұтастай бір қоғамның ащы шындығы жатты.


Асқарбек ҚАЗАНҒАП,

ҚазҰУ-дағы «Адырна» клубының  жетекшісі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер