Ұстазды қамаған полиция қызметінен шеттетілді

5653
Adyrna.kz Telegram

Бүгін "Адырна" ұлттық порталында тұрақты авторымыз Айгүл Орынбектің "Жүйенің құлдырау шегі" https://adyrna.kz/post/27624 деген мақаласы жарияланған болатын.

"Полиция әкім қаралар мен жоғарыда отырған тойымсыз шенеуніктерді қамау керек! Жоғары жақтағы үлкен акулаларға тісі батпайтын полиция қызметкерлері енді мұғалімдермен айқасқа көшкені, өте ұятты жағдай. Әйтпесе Түркістан облысында қылмыс аз дейсің бе?" деп жазған танымал заңгерге Түркістан облыстық полиция департаменті  жауап жазыпты. Онда орын алған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүріп жатқанын, соған байланысты Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы Д. Мейірхан қызметтен уақытша шеттетілгенін, болған оқиға толық тексерілген соң заңды шешім шығатыны жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістандағы М. Жұмабаев атындағы 15-ші мектеп-гимназиясына Түркістан қаласы ішкі істер бөлімінің басшысы  подполковник Данияр мейірхан бастаған топ ауладағы әжетхананы тексеріп келеді. Сол уақытта орнында болмаған кезекші мұғалім (туалеттегі кезекші) 31 жыл жұмыс стажы бар ұстаз Кеукенов Бахытты оқушылардың көзінше қолын қайырып алып кеткен  болатын. Бұның соңы қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Аталған жайт бойынша Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаланың "бас полицейіне" мұғалімнен кешірім сұратқан болатын.

Оңғар ҚАБДЕН,

"Адырна" ұлттық порталы

Фото ашық интернет көзінен алынды

Пікірлер