"Көшпенділер" көрмесі өтті

2163
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ұлттық  музейінде Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Марат Габдрахмановтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көшпенділер» атты  дербес көрмесінің  ашылуы рәсімі өтті. 

Бұл жолғы көрмеге автордың қазақтың мәдениетін, тарихы мен тұрмысын айқындайтын 48 туындысы ұсынылып отыр.Көрменің ашыл салтанатында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай М.Габдрахмановтың шығармашылығына сәттілік тіледі.-    Мұндай көрменің Ұлттық музейде өтуінің өзі біздің ұжымға деген ерекше сенімді білдіреді. Марат Рахметоолаұлының шығармашылығында қазақ халқының тарихы барлық қырынан танылған. Оның жасаған мүсіндері осынысымен ерекшеленеді. Біз осы көрме арқылы қазақтың мүсін жасау өнерінің даму жолымен таныса аламыз. Туындыларымен ерекшеленген мүсіншінің көрмесіне сәттілік тілейміз!, - деді Д.Мыңбай.

«Көшпенділер» көрмесі 2016 жылғы 24 қаңтарға дейін жалғасадыАйта өтейік, автор «Көшпенділер» атты  алғашқы жеке көрмесін Ақтау мен Атырау қалаларында ұйымдастырды. Ақтау қаласында  дәстүрлі түрде өтетін халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі аясында  ұйымдастырылған «Ең үздік сәндік – қолданбалы өнер туындылары» конкурсының «Ең үздік қолөнер туындысы» номинациясы бойынша  Гран – приді ұтып алды. Батыс Қазақстан облысы «Өнер» қоғамдық қоры  ұйымдастырған  Халықаралық «Жазира Жайық - 2011» көрмесінің дипломанты. 


KAZMUSEUM.KZ

 

 

Пікірлер