Келін – ене

3282
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы өткен заманда бір қыз тұрсмысқа шығып, күйеуі, енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты. Бірнеше айдан кейін бітпей кеткен келін мен ене арасындағы ұрыс – керістер нәтижесінде әрі өзі үшін, әрі әйелімен анасының ортасында қалған күйеуі үшін де тұрмыс шыдамсыз бір халге келеді. Бір шара қолдану керек деп ойлаған келін, тура әкесінің бұрынғы досы болған емшіге барып дертін айтады.

Кәрі адам оған шөптерден бір қоспа дайындайды және оны үш ай бойы күнде аз – аздап енесінің тамағына қосып тұруын айтады. Уды аз – аздап берсе, осылайша оны келінінің өлтіргені белгілі болмайтын еді. Кәрі адам келіншекке ешкімнің және күйеуінің де одан күманданбауы үшін енесімен өте жылы қарым – қатынаста болуын, ол үшін ең дәмді тағамдар пісіруін айтады.
Қуана қуана үйіне келген келін айтылғандарды бұлжытпай орындайды. Әр күн енесіне дәмді тағамдар дайындап беріп отырады. Онымен жақсы мәмледе болып, тамағына да аз – аздан уды тамызып отырады. Біраз күннен кейін енесі де қатты өзгеріп, келініне өз қызы сияқты қарай бастайды. Бұл арада енесін өз анасындай жақсы көріп қалған келін, істегендеріне қатты өкінеді. Кешірілмес қатеге жол бергенін түсініп, баяғы емшіге қайта барады. Кәрі адамға, енесіне берген уларды тазалайтын бір дәрі табуын сұрап жалынады. Көзіне жас толған кәрі адам былай дейді:
«Қымбатты Лили, саған бергендерім тек витамин ғана еді. Нағыз у ол сенің басыңда еді. Сен оған жақсы мәмледе болғаның сайын, оның да саған деген ызасы құрметке айналады. Осылайша сендер нағыз ана мен қыздай болдыңдар».
«Гүл берген қолда, гүлдің иісі қалады» дегендері осы болса керек.

 

Пікірлер