Тәңіршілдікті насихаттауға неге Қытай мен Ресей мүдделі? I

10024
Adyrna.kz Telegram

"Алаш арыстарының жәдидшілдік реформасы", "Мен қалай рухани жаңғырдым?", "Шырмауық" сынды кітаптары арқылы жат діни ағымдар туралы сүбелі зерттеу жасаған Тұрарбек Құсайыновтың бұл су жаңа кітабы. "Тәңіршілдікті насихаттауға неге Қытай мен Ресей мүдделі?" деп аталатын бұл кітап қазақ тарихының бағзы кезеңінен бүгініне жеткен көне наным-сенімі Тәңіршілдік туралы. Кітапта келісетін жеріңіз де, келіспейтін жеріңіз де бар. Таразы өзіңіз аса мәртебелі Оқырман!

КІРІСПЕ

Тәңіршілдік – бұл жоғарғы құдайи тіршілік иесі ретінде Аспанға деген пантеистік, политеистік наным-сенімге негізделген неокөпқұдайшылық культ. Культтің «тәңір» деген атауы қытайлық «тянь-ди» сөзінен шыққан, «Аспан иесі» немесе «Құдай» дегенді білдіреді. Қытай тілінде «тянь» (аспан немесе аспандар) сөзі 天 таңбасымен көрсетіледі – қазақ транскрипциясында «тянь» деп дыбысталады.

орхон жазуымен жазылған «тәңір» сөзі

Тәңіршілдік – бұл тылсым болмысқа деген наным-сенімнің қайта жаңғыртылған заманауи тұжырымдамасы болып келеді, оның негізінде келесі нәрселер жатыр:
- жоғарғы құдай туралы ілімге негізделген пантеистік онтология;
- қиыр шығыс философиясының космогониясы;
- алтай шағын халықтарының фольклорының мифологиясы мен демонологиясы.
Тәңіршілдіктің негізгі діни догмасын (құдайлар пантеонында Мәңгі Аспанды жоғарғы құдай ретінде тұту ғұрпы) теориялық нұсқа ретінде импершіл кеңес тарихшысы Л. Н. Гумилев дайындаған және бұл догма оның ежелгі түркілердің тарихы туралы еңбектерінде келтірілген.
«Тәңір» XIII ғасырдан бері моңғол тайпаларының «жоғарғы құдайы» ретінде де атап өтіледі. Шыңғыс-хан билігінің кезіндегі діни көзқарастар жөніндегі сұрақтарға Белград университетінің докторы Эренжен Хара-Даванның 1929 жылы басып шығарылған «Қолбасшы Шыңғыс хан және оның мұрасы. XII-XІV ғасырлардағы Моңғол империясы туралы мәдени-тарихи очерк» атты еңбегі арналған. Орысша басылымның алғы сөзін жоғарыда атап өтілген Лев Гумилев жазған.
Классикалық ғылыми ортада (этнография, дінтану) «тәңіршілік» дін мен наным-сенімнің жеке анықтамасы ретінде қолданылмайды. Мұның себебі этногенездің пассионарлық теориясының ғылыми-теориялық негізінің әлсіздігінде, сол теорияны әзірлеу аясында ежелгі түркілер мен дала көшпелілерінің сенімдері туралы тезистер ұсынылған еді.
Сондай-ақ альтернативті тарихтың танымал авторы еуразияшыл Мұрат Аджи «тәңіршілдік» бұл ежелгі түркілердің монотеизм тұжырымдамасы бар діні деген гипотезаны ұсынған. «Түркілер және әлем: сырлы тарих» атты кітабында М. Аджи «түркілер әлемге Көктегі Құдайға деген сенімді әкелген» деп жазады, Құдай деп «Мәңгі Көк Аспан» культін айтады.
«Тәңіршілдік» мифологиясының жүйелік діни наным-сенім элементі ретіндегі тұжырымдамасы казақ жазушы Орынбай Жанайдаровтың «Ежелгі Қазақстан мифтері. Қазақстан балалар энциклопедиясы» (Алматы. «Аруна», 2006) атты еңбегінде ұсынылған. Кітапты Қазақстанның білім және ғылым Министірлігі ұсынған, сонымен қатар басылым Қазақстан Республикасының ақпарат, мәдениет және спорт Министірлігінің бағдарламасы бойынша шығарылған. Басылым 10000 экземпляр таралымымен шығарылған.
«Ежелгі Қазақстан мифтері» қысқаша аннотациясында «Қазақ және орыс тілдерінде балалар мен ересектерге арналып жазылған көркем суретті «Ежелгі Қазақстан мифтері» атты кітап ерте замандарда Орталық Азияны мекендеген көшпелі халықтардың мифологиясы мен дініне арналған. Автор ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтар ұстанған Тәңірге сиыну діні (тәңіршілдік) туралы ұғынықты да тартымды баяндайды» деп таныстырылған.
Бұл жұмыста «тәңіршілдік» тұжырымдамасының негізгі «догматтарына» баға берілетін болады.
«ТӘҢІРШІЛДІК» ОНТОЛОГИЯСЫ
«Тәңіршілдік» – діни синкретизмнің нәтижесі
Бұл жұмыстың кіріспесінде «тәңіршілдік» кеңес дәуірінің кезеңіндегі тарихшылар қайта құрған әрі посткеңестік кезеңде кейбір зерттеушілер жетілдіріп жатқан неокөпқұдайшылық культ ретінде анықталған. Сондықтан «тәңіршілдік» онтологиясы модельделген гипотеза болып келеді, соның негізінде этногенездің пассионарлық теориясының авторы ресей импералисі Л. Н. Гумилев және оның ізбасарларының субъективті түсініктері жатқан.
Л.Н. Гумилев сонымен қатар этнолог пен географ болғаны мәлім. Болашақ ғалым орыс ақындары Николай Гумилев пен Анна Ахматованың отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Н.Гумилев тек ақын ғана емес, саяхатшы (Африканың әйгілі зерттеушісі) да болған, ол Ресей армиясында қызмет еткен, Бірінші дүниежүзілік соғысының қатысушысы. Л. Гумилевтің анасы дворян әулетінен шыққан орыс ақыны Анна Ахматова болған. Сондықтан, «тәңіршілдік» теориясын ежелгі түркілердің наным-сенімі ретінде ұсынған ол өз тезистерінде православ-христиандық үш Құдай туралы идеясы бұрмаланған догмалық формаға бағытталғаны таңғаларлық емес, себебі ол сол дәстүр аясында өсіп, тәрбиеленген. Алайда, ежелгі түркілердің тарихын зерттеушісі бола отырып, Л. Гумилев негізгі тарихи дерек беретін қытай дереккөздерінің аясында да болған, бұл жағдай оны тринитарлық туралы христиан ілімі, қытайлық Аспан тұжырымдамасы және Алтай халықтарының наным-сенімдері арасында қандай да бір синтез іздеуге мәжбүр етті.
Алтайдағы түркітілдес ұлттардың наным-сенімдерінің діни синкретизмі мәселесі кеңес және орыс этнографиясы мен дінтану саласында жеткілікті түрде егжей-тегжейлі зерттелген.
Л. Гумилевтің пікірі бойынша «тәңіршілдік» діни ілім ретінде көшпенділердің «Мәңгі Көк Аспан» – Тәңір деген жоғарғы құдайға табынуына негізделеді, бұл табынуда түркі тамыры бар-мыс. Біздің ойымызша, «тәңір» атауы қытайдың «тянь ди» сөзінен шыққан, бұл «аспан иесі» деген мағынаны білдіреді, бұл шығу тегі қытай болғанына сілтейді. Сонымен бірге түркі тілінде «аспан» «көк» (кёок) деп айтылады, «тәңір» сөзінің пайда болуы түркітілдес көшпенділердің қытай өркениетімен тығыз байланыста болуымен түсіндіріледі. Түркілер этнотілдік қауымдастық ретінде біздің дәуіріміздің 1-мыңжылдығында қалыптасқанын және олардың алғашқы саяси бірлестіктері (көшпенділердің протомемлекеттері) б. з. VI ғасырында пайда болғанын ескерсек, онда бұған дейін қалыптасқан туыс-тайпалық, негізінде тотемдік (анимизм элементтерімен) наным-сенімдер мемлекеттік құрылысының қажеттіліктерін қанағаттандырмағандығы түсінікті. Сондықтан тарихшылар көшпенділерде жүйелі наным-сенімі немесе институционалдық түрдегі діні бар деп елестетуі керек еді.
Осы уақытқа дейін көрші Қытай (Аспан мен Жер арасындағы «Чжунгуо» Орта мемлекеттің тұжырымдамасы бар империя) жеке өркениет болды.
Атақты дінтанушы Л.С. Васильев өзінің «Шығыс діндерінің тарихы» еңбегінде: «... Чжоу дәуірінен бастап, Аспан, өзінің жоғарғы бақылау мен реттеуші қайнар көзі ретіндегі негізгі функциясында бүкіл Қытайлық құдайға айналды, және осы құдайға деген табынушылыққа сакралды-теистік қана емес, сонымен қатар моральды-этикалық акценті де қойылды. Ұлы Аспан лайықсыздарды жазалап, жақсыларды марапаттайды деп саналған» – деп жазған.
Қытайдағы патша өкіметінің ерекшелігін ағылшын философы Дж. Томсон да растады: «... Чжоу әулеті тұсында патша, бұл – «аспандар баласы» деген классикалық тұжырымдама қалыптасқан; ол екі мың жылдан астам уақытқа дейін өзгеріссіз дерлік болған түрінде жүйеленген. Осы тұжырымдама бойынша, патша дұрыс басқару үшін де, бүкіл материалдық әлемде тәртіп орнату үшін де жауапты болды».
Империялық Қытай үшін билеушіні Аспанмен теңдестіру императордың бүкіл әлем үшін жауапты екенін білдіретін, бұл әлемге олар Қытайдың өзі мен оны қоршап тұрған варварлық периферияны кіргізетін, қытайлардың түсінігі бойынша ол периферия орталыққа, яғни Чжунгоға, Аспан асты елінің билеушісіне, Аспан ұлына, анық түрде тартылатын. Бұл құрылым империяның ресми ұранында да көрініс тапты: «тянь ди» (Аспан Иесі) – «хуань ди» (жердегі Ие), ал тәңіршілдікте аспан құдайы-тәңір,ал жер құдайы-ұмай...
«Тәңіршілдікті» түркілерге агрессивті түрде тықпалап ұсынушылар ежелгі қытай өркениетінен Аспанға табынудың онтологиясын толығымен қабылдаған. Егер Ежелгі Қытайда Аспанға табынушылық императорды Аспанның ұлы деп, оның билігіне құдайи қасиет беру үшін керек болса, онда Гумилев бойынша Аспанға табынушылық көшпелі билеушілердің билігін идеологиялық тұрғыдан заңдастыру үшін қажет болды.
Түркілер мен ортағасырлық моңғолдардың қарапайым туыс-тайпалық наным-сенімдері ірі аумақтық жаулап алулар кезінде көшпенді билеушілердің билігінің идеялық түсіндірмесі бола алмағандығы айқын. Бұл үшін бір жаһандық, өркениетті идея қажет, көшпенділерде ондай идея болмағандықтан, оларға неғұрлым өркениетті көршілерінен билеушінің құдайи билігі туралы идеяны алуға тура келді.
Л.Н. Гумилевтің ойынша «тәңіршілдік» XII-XIII ғасырларға қарай қана аяқталған тұжырымдаманың түріне ие болды. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл кезең ең атақты көшпенді билеуші Шыңғыс ханның қызмет ету дәуіріне сәйкес келеді. Дәлелдеме ретінде Солтүстік Қытай мен Орта Азияға жорықтарына дейін Темүжіннің өзін «Шыңғыс хан», «Аспан ұлы» деп жариялап, жоғарғы шаман-тәңіршіл (Кокочу)Теб-Тенгриден бата алған фактісін келтіреді, бұл билеуші билігінің теократиялық табиғаты жайындағы заманауи түсініктерге толық сай келеді.
«Тәңіршілдіктің» діни дерек көзіне атағы шыға қоймаған «еуразиялық» Эренжен Хара-Даванның «Қолбасшы Шыңғыс хан және оның мұрасы. XII-XІV ғасырлардағы Моңғол империясы туралы мәдени-тарихи очерк» кітабын жатқызуға болады. Бұл ғылыми мазмұндылық тұрғысынан күмәнді жұмыс (1992 жылы Алматыда басылып шыққан) барлық шыңғысханофилдердің, сондай-ақ көшпенділердің баламалы тарихын сүйетіндердің «үстел библиясы» болып табылады.
Автордың бұл кітапты жазуға деген ынтасы кіріспеде келтірілген және оқырманды бірден түсінуге бейім етеді: «Әлем тарихында суымас із қалдырған моңғолдардың тамаша көсемі мен тарихына осы уақытқа дейін тек қатары сирек шығыстанушылар ғана ден қоятын... Еуропаның рухани мәдениетін айнытпай салудың арқасында, I Петр заманынан бастап қазіргі кезге дейін ұласып келе жатқан, Ресейді тығырыққа тіреген әдеттен айну үшін, «өз-өзіңді таны» және «өз рухыңды жоғалтпа» деген ұранды ұстану керек еді». Алайда, доктор Хара-Даванның еуропалық мәдени мұрасына деген соншамалық скептикалық көзқарасын автордың кітапты жазу кезіндегі көзқарас қайшылығынан бағалау керек – ол орыс эмигранты болған.
«Тәңіршілдіктің» танымал теоретиктерінің санатына түркілерді бүкіл адамзаттың ата-бабасы және жер бетіндегі барлық өркениеттердің негізін қалаушылары деп санайтын импершіл орыс зерттеушісі Мурат Аджиді жатқызуға болады.

Қытай өркениеті және көшпенділер: тарихи ракурс

Тан империясы және түркілер

Түркі нанымының мәселелерін нақты тарихи процестерден оқшауландыруға болмайды. Діни наным-сенімдер ішінара әлеуметтік болмыстың көрінісі болып табылатыны жұртқа мәлім. Ежелгі қоғамдар культ деңгейіне көбінесе өздерінің күнделікті тұрмысын, туыс-тайпалық әлеуметтік дифференттерді, ата-бабаларының тарихын және тағы сол сияқтыларды көтеретін. Сол сияқты, көшпенділердің діни наным-сенімдері, өзіндік тарихи құбылыстар немесе белгілі бір әлеуметтік күтулердің табиғаттан тыс саласындағы экстраполяциясы болатын.
Түркілер, жазбаша дереккөздерде саяси бірлестік ретінде алғаш рет V ғасырда атап өтіліп, этно-саяси қауымдастық ретінде Солтүстік Қытайдан Солтүстік Африкаға дейінгі аумақта үлкен рөл атқарған. Сондықтан түркілердің діни наным-сенімдерінің мәселелері, волюнтаризм мен тривиализмнің кез-келген көріністерінен тәуелсіз, объективті бағалауды талап етеді.
«Тәңірі»-ні түркілердің құдайы ретінде анықтаушылық еуропалық этнографтардың айырып оқуының арқасында болды. Орыс зерттеушісі В. В. Радлов Білге қаған стелласындағы жазбаны орыс және неміс тілдеріне аударған. Осыдан кейін, XIX ғасырдың аяғында В. Томсен, Х. Н. Орхун, С. Е. Малов, Т. Текин Монғолиядағы Орхон өзенінің аңғарындағы ескерткіштердің жазбаларының («Күл-Тегін» стеласы) жаңа интерпретацияларын ұсынды.
«Тәңіршілдік» идеясы түркілердің діні ретінде Білге қаған (Кошо-Цайдам аңғарының стеласы) жазбаларының кейінгі интерпретациясына негізделген : «Тәңір мені жарылқап, қолдады, сәттілік менің жағымда болды, сондықтан мен қаған болдым».
Күл-тегін стеласының жазбаларына түсінік беру кезінде, бұл стеланың, Ашина әулетінің билеушілері қайтыс болғаннан кейін қаған әулетінің империяға сіңірген еңбегін мойындау үшін, Тан императорының нұсқауымен ойылғанын ескеру қажет. Ондағы жазулар қытай және түркі тілдерінде жасалған, бұл кейіннен олардың мазмұнын ашуға мүмкіндік берді. «Тәңірі» деп «Аспан» (тянь ди) қытай құдайын түсіну керек болса, онда «Тәңірдің жарылқауы мен қолдауы» туралы жазулар, Тан императоры - Аспан Ұлының, түркі қағандарын империя жауларымен күресте жарылқауы мен қолдауын білдіреді. Өркениетті «Қытай» түркілерді ешқашан да тәуелсіз күш ретінде қабылдамағаны белгілі, орталық түркілерді үнемі реттеп отыруға тура келетін: не болмаса қызметке алуға, не болмаса басқа варварларға қағыстыруға, не болмаса ассимиляциялауға келетін көшпенділер (периферия) деп танитын.
Тан императорының түркілердің Ашина әулетіне деген алғыстылығы қытайлардың жақын арада арабтармен кездесуі аясында да түсінікті бола түседі.
Білге қаған заманындағы түркілер империялық әскерде қызмет ететін, солтүстік шекараны күзететін, империяның шетіндегі бүліншілікті басуға көмектесетін. Күл Тегіннің қайтыс болғанынан (731 ж.), сондай-ақ Білге қағанның улануынан кейін (734 ж.) императорға адал қызмет еткен Ашин әулетінің билеушілерінің күші он жыл бойы әлсіреді. 741 жылы қағанатта азаматтық соғыс, өзара тартыстар, көршілердің шабуылы басталды, ал император Тан Сюань-цзун түркі қағанының әулетіне Қытайда саяси баспана ұсынды. Ашин әулетінің тарихы (оның ішінде Шығыс қағанатының тарихы) 745 жылы соңғы қаған Баймэй-хан Құлын-бекті өлтіруімен аяқталды.
751 жылы Тан әулеті тұсындағы Қытай, солтүстігінде Ашина әулеті сияқты мықты одақтасы болмағаны үшін, әйгілі Талас шайқасында арабтардан жеңіліс тапты.
Бұл шайқас өркениеттік мағынаға ие болды: Тан империясының құлдырауы басталып, Қытайдың Батысқа қарай ілгерілеуі тоқтады.

«Тянь» - бұл «Аспан» (Тянь) деген мағынаны білдіретін қытай иероглифы.
Шамандық дабылдағы «Тәңірдің» бейнесі.

XIII ғасырдағы Цзинь империясы мен көшпелі моңғолдар

Монғолдардың діндарлығы (Аспанға табыну культі) туралы миф Эренжен Хара-Даванның «Қолбасшы Шыңғыс хан және оның мұрасы. XII-XІV ғасырлардағы Моңғол империясы туралы мәдени-тарихи очерк» кітабында егжей-тегжейлі түрінде берілген.
XI-XIII ғасырлардағы көшпелі моңғол тайпалары да VIII ғасырдағы түркі тайпаларының жағдайында болды: империяның солтүстік шекараларындағы шиеленіс, өзара соғыстар, шапқындар және ... императорға деген адал қызмет!
«Хан» титулын көшпелі билеушілерге императорлық сарай бергені белгілі. Аспан Ұлының қызметіндегі пәлен «гур-хандар», «ван-хандар», «ха-хандар», «даян-хандар» өздерінің атақтарын қытай алтын патшалық үкіметінің канцлериясының рұқсатымен ғана алатын. «Хан» сөзінің билеуші титулы ретіндегі анықтамасы не түркі, не моңғол тілдерінде жоқ.
Бұл сөздің мағынасы мен оның қытай тіліндегі идеограммасы қызықты.
Қытай тілінде «хан» сөзі көшпенділер билеушілерінің титулы ретінде 可汗 (ке-хан) немесе 大汗 (да-хан) белгілерімен көрсетілген. Бірінші жағдайда, 汗 («хань» дыбысы) иероглифінің алдында «келіскен, лайықты, рұқсат» деген мағынаны білдіретін可 («ке» дыбысы) белгісі тұр.
Екінші жағдайда, «хань» алдында 大 («иә») белгісі тұр, ол белгі «үлкен, ұлы» дегенді білдіреді.
Ал «хань» - 汗 сөзінің өзі қытай тілінен аударғанда «тер, қара тер» дегенді білдіреді, етістік ретінде «терлеу, терлеп-тепшу, қара терге түсу» дегенді білдіреді.
Белгілердің тіркесі «міндетті түрде терлеу» немесе «үлкен терлеген (біреу)» мағыналарына ие. Қытай императоры «Аспан Ұлы» екенін ескере отырғанда, «хан» сөзі мен 汗 белгісінің мағыналары мүлдем басқа мағынаға ие болады. Көшпелі билеушілер ИМПЕРАТОРДЫҢ – АСПАН ҰЛЫНЫҢ қызметінде ғана «терлейтін», «қара терге түсетін», «терлеуге рұқсат алатын» да «ұлы» деп аталатын!
Билеушіге титул беру қытай дәстүрі болып келеді, ол оның ерекше мәртебесін көрсететін. Көшпенділердің көшбасшылары бахадур, бек және т.с.с. дәстүрлі әскери атақтардан басқа, билік титулдарын императордың қолынан ғана алатын.
Темүжіннің өзі, «Шыңғыс-хан» аталмас бұрын, аймақтық шекара заставасының қолбасшысы лауазымына номиналды түрде сәйкес келетін қытайлық «чаутхури» атағын тағып жүрді. Сонымен қатар, «Моңғолдардың құпия аңызы» бойынша керейіттің басшысы Тогорил мен тайджуиттер басшысы Темүжін, татарларға қарсы күресудегі көмек үшін Цзинь империясынан: біріншісі «вана» (билеуші) атағын, ал екіншісі «чаутхури» титулын алды.
Монғолдар мен Цзинь империясының қарым-қатынасында Шыңғыс ханның Орта патшалыққа деген ерекше қарым-қатынасының объективті факторын да ескерген жөн: Темүжин моңғолдары «Қытаймен» толық мағынадағы соғыс күйінде болған жоқ. Татарлармен соғыс кезінде императордың қызметінде болумен қатар, Темүжін Цзинь империясына 1210 жылға дейін алым төлеп отырған.
Моңғол көшпенділері қазіргі Қытай аумағындағы әскери қақтығыстарға осы немесе басқа мемлекеттік бірлестіктің жағында белсенді түрде қатысқан. Мәселен, 1207-1209 жылдары Темүжіннің күштері Си-Ся тангут мемлекетіне қарсы Цзинь жағында болған, алайда бұл моңғолдар 50 миллионды (!) Солтүстік Қытайды бағындыру үшін онымен байыпты және дәйекті түрде соғыс жүргізе алады дегенді білдірмейді. Негізінен, Темүжіннің «шапқындары» жанжалдың бұл немесе басқа тарабынан сый алумен аяқталатын, соның ішінде император сарайының ханшайымдары да болатын.
Қытай, моңғол әскери күштерінің саяси тәуелділігіне Шыңғыс ханның қайтыс болғанынан кейін ғана Хубилай ханның тұсында түсті. Оның үстіне, Қытайды «бағындыру» көбінесе, биліктегі саяси режимдер хаосқа ұшыратқан, конституциялық тәртіпті ретке келтіру мен Империядағы мемлекеттік билікті қалпына келтіруге ұқсайтын. Сонымен бірге Хубилай хан «тазартудан» кейін өзінің Юань әулетін құрды!
Моңғолдар Қытайда билеуші ​​әулет ретінде заңдастырылғаннан кейін ғана Шыңғыс хан қытай деректерінде 太祖, яғни «Тай цзу» немесе «Қасиетті негіз қалаушы – баба» деп аталады. Оның үстіне, билеуші ​​ретінде оған 法天啟運聖武皇帝 деген атақ берілген, бұл «Заңға және Аспанның еркіне сәйкес сәтті түрде билеуші-жауынгер ​​болған Жердің Қасиетті Билеушісі» дегенді білдіреді. Сонымен бірге титулда маңызды өзгеріс орын алады: көшпелі билеушілердің атауын білдіретін 汗 «хан» белгісі Шыңғыс ханда 皇帝 «хуань ди»-ге ауыстырылады. Ал бұл титулға біріккен Қытайдың бірінші императоры – Цинь Ши хаундинің өзі ғана ие болған!

Біріккен Қытайдың алғашқы императоры Цинь Ши Хуаньдинің титулы.

Жалғасы бар...

Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Тұрарбек Құсайынов,

"Демос" ҚБ төрағасы

Пікірлер