Дін – қашанда өзекті тақырып. Осы тақырып төңірегінде түрлі даулы ойлар туындап, кереғар пікірлер айтылады.
Тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі, ғалым Мұхтар Мағауин «Халық үні» ютуб-арнасына берген сұхбатында қазақ қоғамы мен мәдениетіндегі діннің жағдайы туралы айтты.
«Дін – апиын деген Ленин. Апиын аз қолданса – ем, көп қолданса – ауру, мен солай ойлаймын. ХХІ ғасырдың аяғы–ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары, қайраткерлері неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы әрекет жасады, дінге қарсы күресті. Дін деген – қараңғылық. Әсіре діншілдік түкке керегі жоқ. Мәдениетке дін емес, ғылым-білім, мешіт емес, мектеп жеткізеді. Діншілдік қатты күшейіп кетті. Мұсылмандықтың қанша пайдасы бар, иманымыз дұрыс: «Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ» - Алла бір, пайғамбар хақ. Ал оның ар жағында бізге арабтың, арабтың діншілдігінің не керегі бар? Оның бәрі бізге, табиғатымызға жат нәрсе. Сондықтан қазақ зиялылары, қазақ қайраткерлері жаппай салафизм, ваххабизмге қарсы хат жазды. Жалпы діншілдікті азайту керек. Мен осы тақырыпта жазам ба деген ойым бар. Қазақ діннен арылуы керек, зиялылыққа жету керек, зайырлы мемлекет санасына жету керек. Қазір әсіресе балаларды бұзып бара жатыр. Енді ойламаған жерде дін қазаққа қайшыНовости по теме
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Адырна» ұлттық порталы