Назарбаевтың үрейін ұшырған саясаткер

4895
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туғанына - 80 жыл.

Заманбек Қалабайұлы 1944 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында өмірге келген.

1985 - 1992 - Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы;
1992 - 1994 - Алматы қаласының әкімі;
1995 - 1997 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
1997 - 2001 - Алматы облысының әкімі;
2001 - 2004 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

Саясаткер 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде денесіндегі атылған үш оғымен өлі күйінде табылды. Екі оқ кеудесіне тиген, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды. Ол Алматыдағы «Кеңсай» зиратына жерленген.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов өмірінің соңына қарай оппозицияда болды. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынап, оны "билікті заңсыз иемденіп, жемқорлық жасады" деп айыптаған болатын.

Еске салайық, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Заманбек Нұрқаділовке туған ауылында ескерткіш тұрғызуға ұйғарғанын хабарлаған едік. 

Пікірлер