Жолаушылар поездарында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тексерулер күшейтіледі 

3622
Adyrna.kz Telegram

Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында болған қайғылы оқиғаны ескере отырып, ҚР ИИДМ Көлік комитеті Көліктік бақылау инспекцияларына ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен және "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ-мен бірлесіп республика аумағы бойынша жүретін барлық жолаушылар поездарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуді әрі күшейтуді тапсырды.

Жалпы, жыл басынан бері аумақтық көліктік бақылау органдары жол бойында 866 жолаушы поезын тексерді, оның ішінде 577 "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 39 "қала маңындағы тасымал" АҚ, 11 "қала маңындағы жергілікті атқарушы орган", 111 ТМД қалыптастыру поезы және 132 "жеке тасымалдаушылар".
Нәтижесінде 5136 жолаушы тасымалдау ережесін бұзушылық анықталды, оның ішінде 38 өрт қауіпсіздігі бойынша бұзушылық анықталды.

Тасымалдаушылар бөлінісінде, өртке қарсы қауіпсіздікті бұзу былайша құрайды:
"Жолаушылар тасымалы" АҚ-27;
"Қала маңы тасымалы" АҚ-4;
"Қала маңындағы жергілікті атқарушы орган" - 1;
"Жеке тасымалдаушылар" - 6 (Марал Нур-3 ЖШС, Nomadas-3 ЖШС).

Өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған негізгі бұзушылықтарға өрт күзеті мен сигнал беру жүйесінің болмауы жатады.

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер