Ғылымға қай ел қандай деңгейде көңіл бөліп, нәтижесін көріп жатыр?

3335
Adyrna.kz Telegram
SONY DSC
SONY DSC

Төмендегі статистикалық мәліметтерге қарасақ зерттеу және дамытуға (research and development) Жалпы Ішкі Өнімнің ауқымды бөлігін жұмсау бойынша Оңтүстік Корея мемлекеті бірінші орында екен, ЖІӨ-ның (жалпы байлығының деп түсінсе де болады) 4,3% үлесін зерттеу және дамытуға яғни ғылымға жұмсайды.

Одан кейінгі тұрған мемлекеттер:
#2 Израиль 4,2%
#3 Жапония 3,4%
#4 Швейцария 3.2%
#5 Финлдандия 3.2%
#6 Аустрия 3.1%
#7 Швеция 3.1%
#8 Дания 2.9%
#9 Германия 2.9%
#10 Америка Құрама Штаттары 2.7%
Қазақстан Жалпы Ішкі Өнімінің 0,17 % үлесін ғылымға жұмсаумен 66-орында тұр.

Израиль мемлекеті миллион тұрғынға шаққанда 8250 ғалымнан келетін әлемдегі ең көп ғалымы бар ел. Ал Қазақстанда миллион халыққа шаққанда 790 ғана ғалымнан келеді.

Жалпы ғылымға көп қаржы бөлуден 476,5 миллиард доллармен бүкіл әлемнің 26,4% үлесін құрап АҚШ көш бастап тұр.
Одан кейінгі тұрған мемлекеттер:
#2 Қытай $370.6 billion
#3 Жапония $170.5 billion
#4 Германия $109.8 billion
#5 Оңтүстік Корея $73.2 billion
#6 Франция $60.8 billion
#7 Индия $48.1 billion
#8 Құрама патшалық (Құрама Патшалық = Солтүстік Ирландия + Ұлыбритания) $44.2 billion
#9 Бразилия $42.1 billion
#10 Ресей $39.8 billion
………
#66 Қазақстан $670 миллион

Ал әр адамға шаққанда ғылымға жұмсалатын қаражат мөлшері бойынша Сингапур мемлекеті 1831 доллармен бірінші орында тұр.
Одан кейінгі тұрған мемлекеттер:
#2 Швейцария $1647
#3 Америка Құрама Штаттары $1586
#4 Оңтүстік Корея $1518
#5 Швеция $1468
#6 Дания $1450
#7 Германия $1450
#8 Аусрия $1416
#9 Тайвань $1383
#10 Израиль $1361
………
#72 Қазақстан $39

Бұл статистикалық мәліметтерден ғылымға баса көңіл бөлу дамудың кепілі екенін көрсетіп тұр. Елді дамытатын әншілер мен спортшылар емес, дін емес ғылым мен технология екеніне тағы бір дәлел.

Арыстан Бек тің Фейсбук парақшасынан

Дереккөздер:
https://en.wikipedia.org/…/List_of_countries_by_research_an…
https://www.visualcapitalist.com/money-country-puts-r-d/
http://uis.unesco.org/…/…/research-and-development-spending/
https://www.indexmundi.com/fac…/indicators/GB.XPD.RSDV.GD.ZS

Пікірлер