«Көк шоқы» кереметтері немесе Қорқыт қобызы жидеден жасалған ба?

2997
Adyrna.kz Telegram

Қазағымның қолөнер бұйымдарының мәнінде ашылмаған көп сыр жатыр. Сол бір өнерді атадан балаға мұра етіп келе жатқан жердің бірі «Көк шоқы» шеберлер ауылы болып есептелінеді. Елімізде әлі күнге дейін өнерін жұрт естімеген азаматтарымыз қаншама?  Шеберлер ауылы тұрғындарының 80 пайызы қолөнер бұйымдарын даярлаумен айналысады екен.

Жуырда ҚазҰАУ -дың, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің, ҚазҰУ-дың студенттері «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен бас қосты. Студенттерге шеберлер өздерінің шеберханаларын көрсетіп, өз қолөнерлерімен таңыстырды.

Па, шіркін! Шеберлердің қолдарынан жасалған, әрбір ою-өрнегі әсем безендірілген зергерлік бұйымдар мен әртүрлі материалдардан жасалған ер-тұрмандар және ағаштан өрнектелген керемет дыбыс беретін сан қилы музыкалық аспаптарды көзбен көріп, танысқанға не жетсін? Оларды өз қолымызбен ұстап, жасалу тарихымен танысудағы ерекше сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын.  Мұндай мағыналы сапарлар ата-дәстүрге деген махаббатты маздата түсірінде шек жоқ. Көркем қолөнерге деген қызығушылық студенттерді қуанышқа бөледі.

Шеберлердің қолөнерге деген сүйіспеншілігін айтып жеткізу мүмкін емес. Ол жерден студенттер Мұхтар Наурызбаев, Секен Нұрғалиев, Жұлдыз Базарбаев, Ербол Ахметов атты қолдарынан бал тамған шеберлермен танысып, әр бұйымның шежіресінен хабардар болды. Мұхтар Наурызбаевтың айтуынша, Қорқыт атаның қобызы жиде ағашынан жасалған. Өйткені, Қорқыт мекен еткен сыр бойында жидеден өзге ағаш өспейді екен. Осы сыды таңсық деректердің өзі жастардың бойына орасан рух берді.

Бұл сапар ата-баба дәстүрін танумен қатар, оқу орындар арасындағы байланысты нығайтуға сеп болды.


 

Айдана ЖАҚАНТАЕВА,

ҚазҰАУ-дың студенті

 

Пікірлер