Ресейдің Орлов облысы Урицкий ауданында әскери Ми-8 тікұшағы құлады. Бұл туралы 23 мамыр күні Орлов облысының губернаторы Андрей Клычков мәлімдежі. Ол нақты тікұшақ моделін атаған жоқ, алайда бұл туралы Мәскеу әскери округінің баспасөз қызметі хабарлап, ТАСС агенттігіне сілтеме жасады, деп хабарлайды “Адырна”.
Кейін Клычков тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді. Губернатордың айтуынша, қайғылы оқиға Нарышкино ауылынан 1,5 шақырым қашықтықтағы елсіз жерде болған.
“Экипаж тікұшақты тұрғын үйлерден алыстатып, өз өмірлерін қиып, нағыз ерлік жасады. Олардың ерлігі ұмытылмайды", – деді Орлов облысының басшысы өзінің Telegram-арнасында.
Оның айтуынша, Урицкий ауданының тұрғындары зардап шекпеген, қираған нысандар жоқ.
"Қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ, жағдай бақылауда. Оқиға орны қоршауға алынып, тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр. Аудан аумағында оқиғаның салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеуде", – деп мәлімдеді шенеунік.