Tesla және SpaceX негізін қалаушы, кәсіпкер Илон Маск АҚШ президенті туралы кейінгі жазбалары үшін көпшілік алдында кешірім сұрады. Бұл туралы ол X желісінде жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ол мәлімдемелерінде тым артық кеткенін мойындады.
“Өткен аптада президент туралы жазған кейбір жазбаларыма өкінемін. Шектен шығып кетіппін”, - деп жазды кәсіпкер X желісінде Дональд Трамптың аккаунтын белгілеп.
Бұған дейін Илон Маск X парақшасында республикашылдардың ауқымды заң жобасын қатал сынға алған болатын. Кейін Маск пен Трамптың жанжалынан соң олардың компаниялары акцияларының құны құлдырады. Осы жағдайларға қатысты Трампқа Илона Маскты АҚШ-тан шығарып жіберуге кеңес берілді.