АҚШ-тың азаматтығы бар түркімен азаматтарының елге кіруіне ішінара тыйым салынуын Ашхабад «түсініксіз әрі алаңдатарлық жағдай» деп қабылдады. Бұл туралы Түркіменстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды “Адырна”.
Министрлік АҚШ билігінің бұл шешімін «асығыс қабылданған қадам» деп бағалап отыр. Онда екіжақты түркімен-американ ынтымақтастығының, соның ішінде көші-қон саясаты бойынша да, кең ауқымды бағыттары ескерілмегені айтылған.
«Бейтарап мемлекет ретінде Түркіменстан БҰҰ Бас Ассамблеясының үш резолюциясымен танылған мәртебесіне ие және көші-қон саласындағы барлық халықаралық нормалар мен ережелерді қатаң сақтайды. Осыған байланысты Түркіменстанның босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық, әлеуметтік, гуманитарлық және басқа да мәселелерін реттейтін БҰҰ конвенцияларын жүзеге асырудағы тәжірибесі әлемдегі алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі. Бұл БҰҰ мен өзге де беделді халықаралық ұйымдардың аясында өткізілетін түрлі форумдарда үнемі атап өтіледі», — делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ, Орталық Азия азаматтардың кіруі мен шығуына қатысты мәселелерді өзара

АҚШ Президенті Дональд Трамп «АҚШ-ты шетелдік террористер мен ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікке басқа да қауіптерден қорғау мақсатында шетел азаматтарының кіруіне шектеу қою туралы» құжатқа қол қойды. Бұл құжат 19 елдің азаматтарына, соның ішінде Түркіменстанға да, толық немесе ішінара кіруге тыйым салуды қарастырады.
Түркіменстан бұл тізімге тек визалардың мерзімін өткізіп алу деңгейінің жоғары болуына байланысты енгізілді. Іскерлік және туристік визалар бойынша — 15,35%, студенттік, кәсіби және алмасу визалары бойынша — 21,74%. Осыған байланысты жоғарыда аталған визалар бойынша кіру уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, көші-қон қызметтеріне түрікмен азаматтарының АҚШ-та болу мерзімін заңнамада рұқсат етілген көлемде қысқарту тапсырылды.