Айбалта

3731
Adyrna.kz Telegram

Көшпенділердің көнеден келе жатқан қаруының бірі. Қазақ батырлары айбалтаны өте жиі қолданған. Ол екі бөліктен тұрады: «басы» және «сабы». Басы мен сабының түйіскен жерін «сағағы» деп атайды. Қолға іліп алу үшін бүлдіргітағылады. Балтаның басы жалпақ келіп шабуға арналған жағы «жалманы»,шабатын жері «жүзі» деп аталады. Айбалтаның негізгі түрлері сақ, скиф, сарматтар заманында, біздің заманымызға дейінгі ІV-ІІІ ғасырларда қалыптаса бастаған. Қазақ батырлары қолданған айбалта түрлері 18-19 ғасырға дейін сақталған. Сабының ұзындығына қарай қысқа, орташа,ұзын сапты болып бөлінеді. Ең көп қолданыста болғаны — сабының орташа ұзындылығымен. Қазақ айбалталарының бізге жеткен үлгілерінің басым көпшілігі орташа сапты айбалталар. Саптарының ұзындығы ат үстінде айқасуға ең ыңғайлы мөлшер. Балталардың сабы әр түрлі ағаштардан жасалып, кейде терімен немесе тұтастай металмен қапталған.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер