Uzbekistan Airways әуе компаниясы Ресей арқылы Еуропаға ұшуын тоқтатты

1039
Adyrna.kz Telegram
Фото: tripadvisor.ru
Фото: tripadvisor.ru

Өзбекстанның Uzbekistan Airways ұлттық әуе компаниясы Еуропаға ұшу үшін Ресей мен Беларусь әуе кеңістігін пайдалануды тоқтатты. Бұл шешім 20 қаңтардан бастап жүзеге асырылуда. Ақпаратты авиакомпания өкілдері 28 қаңтарда әуе компаниясының 33 жылдығына арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ферғана агенттігінің мәліметінше, журналистердің “әзірбайжандық AZAL ұшағы апатының әсері болды ма?” деген сұрағына компания өкілдері «бұл жай ғана сақтық шаралары және белгілі бір дәрежеде маршруттарды оңтайландыру» деп жауап берді.

Ал Daryo.uz Telegram-каналында жарияланған мәліметке сәйкес, Uzbekistan Airways Еуропа елдеріне ұшатын рейстерін қазір Әзербайжан мен Түркия арқылы жүзеге асырады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға бағытталған н әзербайжандық AZAL әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Қазақстанның батысындағы Ақтауға жақын жерде апатқа ұшырады. Ұшақта 67 адам болған, оның ішінде 5 экипаж мүшесі. 38 адам қаза тапты, 29 адам аман қалды.

27 желтоқсанда Әзербайжан әуе компаниясы мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев ұшақтың апатқа ұшырауына «сыртқы әсер» себеп болғанын хабарлады. Апаттан аман қалған бортсеріктердің айтуынша, ұшақ Грозный үстінен ұшып бара жатқанда үш рет соққыға ұшыраған. АҚШ мамандары ұшақты Ресейдің ПВО жүйесімен атып түсіру ықтималдығын байқап, осындай белгі-нышандарды көргенін айтты. Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, ұшақтың атылған сәтінде Грозный украиналық дрондардың шабуылына ұшыраған.

Апаттан кейін бірнеше мемлекет пен әуе компаниялары Ресейге ұшатын рейстерді тоқтату туралы мәлімдеді.

Қаңтар айының басында Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Еуропаға ұшатын үшінші елдердің әуе компанияларына Ресейдің еуропалық бөлігіндегі ұшулардан аулақ болуға кеңес берді. Бұл ескерту «Ресей аумағында азаматтық және әскери авиацияның үйлестіруіндегі мүмкін болатын олқылықтар мен қателесіп тану ықтималдығы» себепті азаматтық ұшақтарға жасалатын әдейі емес шабуылдар қаупіне байланысты болды.

EASA сондай-ақ Ресейдің ПВО жүйелерінің жұмысқа қосылуы мүмкін екендігіне назар аударды, бұл Украина зымырандары мен дрондарының іске қосылуына жауап ретінде азаматтық ұшақтарға қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдай бірнеше халықаралық әуежайларда рейстерді орындауға әсер етуі мүмкін, деп ескертті агенттік. Сонымен қатар, Ресей билігі бұл қауіптерді азайту бойынша шаралар қабылдамайтыны атап өтілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог: "Хотите снизить давление? Прекратите добавлять в еду…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Колумбус с 20 февраля имеет право получить...
Пікірлер