"ЮНЕСКО талаптары орындалмай отыр". Бүкіләлемдік нысандардың жағдайы сын көтермейді

1013
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lola Chatz
Фото: Lola Chatz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету мәселесін көтерді. Министрдің айтуынша, еліміздегі тарихи-мәдени мұралар жеткілікті болғанымен, халықаралық стандарттарға сай сақтау мен қорғау жұмыстары кемшін түсіп жатыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысаны тіркелген. Оның ішінде республикалық маңызы бар 265, жергілікті маңызы бар 12 мыңнан астам ескерткіш бар. Ал ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне еліміздің 10 тарихи-мәдени ескерткіші енгізілген.

Министрлік материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізімін 45-тен 79-ға дейін арттырған. Бүгінгі таңда Қазақстан атынан Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне 14 элемент енген.

Алайда, Балаеваның айтуынша, бұл салада бірқатар мәселе шешілмей келеді.

Мысалы, Талғар, Қарамерген, Қойлық, Ақтөбе, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары мен Ақыртас сарайы кешенінің жағдайы сын көтермейді.

"Біріншіден, қазір ЮНЕСКО конвенциялары мен ұсынымдары бойынша міндеттемелер толық орындалмай отыр. Алматы облысындағы Талғар мен Қарамерген, Жетісу облысындағы Қойлық, Жамбыл облысындағы Ақтөбе, Құлан, Қостөбе және Өрнек секілді қалашықтардың, Ақыртас сарайы кешенінің инфрақұрылымдарын дамыту – өте өзекті", - дейді Балаева.

Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің буферлік аймағында келісілмеген құрылыс жұмыстары тоқтамай тұр. Бұдан бөлек, Құлан мен Қойлық қалашықтары аумағында да заңсыз құрылыс пен тазалық мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.

Министр әкімдіктерді тарихи ескерткіштерге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Оның айтуынша, халықаралық маңызы бар нысандар облыс аумақтарында орналасқандықтан, оларды сақтау мен дамыту жергілікті әкімдіктердің тікелей мүддесіне айналуы тиіс.

Тектұрмас пен Жошы хан кесенелерінің де жай-күйі мемлекет тарапынан ерекше бақылауды қажет етеді, – деді Аида Балаева.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер