Қазақ жерінің қорғаушысы. Тәшеновтің туғанына - 110 жыл

575
Adyrna.kz Telegram

Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің туғанына 110 жыл толды. Ол ел бірлігі мен тұтастығы жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың бірі болды.

Жұмабек Ахметұлы қазақ жерінің біртұтастығын сақтап қалу жолында үлкен күрес жүргізді. Ол Маңғыстауды Түрікменстанға, Солтүстік Қазақстанның бір бөлігін Ресейге, ал мақта егетін оңтүстік аудандарды Өзбекстанға беру туралы ұсыныстарға қарсы шықты. Сондай-ақ Қазақстанда ядролық сынақтардың жасалуына қарсылық білдіріп, ұлттық мәдениетті қорғауға атсалысты.

Қайраткер шығармашылық одақтарға қамқорлық танытып, көптеген өнер адамдарына қолдау көрсетті. Оның араласуымен "Қазақ әдебиеті" газеті жабылудан аман қалып, "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Egemen Qazaqstan") басылымының аударма газетке айналуына жол берілмеді.

Ұлтжандылығы үшін кеңестік билік тарапынан "ұлтшыл" деген айып тағылып, қызметінен босатылды. 1961 жылдан бастап Шымкент облысында түрлі лауазымдарда қызмет етіп, 1975 жылы зейнетке шықты.

Жұмабек Тәшенов 1986 жылы өмірден өтті. Бүгінде оның есімі көшелерге беріліп, деректі фильмдер түсіріліп, қазақ халқы оның еңбегін құрметпен еске алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер