атаулы дата
08.04.2025
Маңызды
Қазақстанның мемлекет қайраткері және дипломат Марат Тәжин 65 жасқа толды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Марат Тәжин Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатында маңызды рөл атқарған тұлға ретінде танымал. Ол сыртқы істер министрі, Президенттің көмекшісі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды.
Елді Назарбаев президент ретінде басқарған кездегі саяси, руахани және..
07.04.2025
Шығармашылық
Осыдан 74 жыл бұрын Қайым Мұхамедханов ұстазы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясында «Абайдың әдеби мектебі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған еді. Бұл еліміз үшін тарихи оқиға болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ғалымның еңбегі Абай шәкірттерінің шығармашылығын, олардың әдеби мұраларын саралап, қазақ әдебиетінің терең тарихын ұғынуға мүмкіндік берді.
Одан бөлек, қазақ әдебиетінің маңызды кезеңдеріне шолу жас..
07.04.2025
Атаулы дата
Бүгін — қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Қажымұқан Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан.
Қажымұқан жастайынан байларға жалданып, ауыр жұмыс істеген. Сол кезде батпаққа батып қалған өгізді жалғыз өзі тартып шығарып алғаны туралы әңгімелер де бар. Ол 17 жасқа толмай жатып, мықты палуан ретінде таныла б..
04.04.2025
Атаулы дата
Бүгін - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы ату жазасына кесілген күн.
КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) алқасы «үштігінің» 1930жылы 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы бастаған қырыққа жуық адам әртүрлі мерзімдерге қамалуға, жер аударылуға кесілді.
Бұл шешім кейін бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда Ахмет Байтұрсынұлы 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 жылы қарашада 3 ж..
04.04.2025
Бәйге
Бүгін - екі бірдей Олимпиада чемпионы туған күн. Бірі - Сидней Олимпиадасының чемпионы, боксшы Бекзат Саттарханов, екіншісі - суға жүзу спортынан Қазақстан спорт тарихында тұңғыш алтын алған спортшы Дмитрий Баландин.
Бекзат Саттарханов 1980 жылдың 4 сәуірінде Түркістан қаласында дүниеге келген. 20 жасында Олимп тұғырын бағындырған батыр тірі болса бүгін 45 жасқа толар еді.
Кішкентайында ата-анасы Бекзатты спорт үйірмесіне беруді жөн санап, күре..
28.03.2025
Шығармашылық
Бүгін қазақтың әйгілі күрескер ақын-композиторы Мәди Бәпиұлының туғанына - 145 жыл.
Ол 1880 жылдың 28 наурызында бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Едірей болысындағы Үшқара тауының баурайында (қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округында) дүниеге келген. Аса көрнекті тұлғалар Қаз дауысты Қазыбек бидің (1667-1764) ұрпағы және Алшынбай бидің (1801 ж.т.) немересі бола тұра тартысты ғұмыр кешті.
Жас кезінен-ақ ән айт..
27.03.2025
Маңызды
Осыдан 95 жыл бұрын, 1930 жылдың 27 наурызында Жетісудың Ақсу аймағында қазақтар Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы көтеріліске шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресми деректерге сүйенсек, көтеріліске қатысушылар саны 1000 адамға дейін жеткен. Олар Егеубек Жанбайұлы, Қалдыбай Қылиұлы және Ғали Сатырбайұлының басшылығымен әрекет етті.
1930 жылы 27 наурыз күні көтерілісшілер Ақсу елді мекенін басып алды. Алайда қару-жарақтың ..
Тағы жүктеу
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз