«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен «Қауіпсіз қала» акциясы басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жиында «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» МК-ның Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы әрі Астана қаласының мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм өз ойын ортаға салды. Оның айтуынша, Астана қаласы бойынша шомылатын 5-6 орын бар.

«Бұл іс-шараның басты мақсаты төтенше жағдайлар қызметіменен бірге шомылу маусымының алдында түсіндіру жұмыстарын жүрізу болып саналады. Себебі біздің ережеге сәйкес қаламызда шомылуға рұқсат етілген немесе рұқсат

Жалпы түсіндірме жұмыстары 9 және 13 маусым күндері өтетін болады. Бірақ біз жаз айларындағы шомылу маусымын назарға алып, жұмыс жүргіземіз. Себебі өздеріңіз білесіздер шомылу маусымында «Әттеген-айлар» болып жатады. Біз осындай тосын жағдайдың алдын алу үшін жұмыс жүргіземіз», – дейді ол.