Әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдарды жариялағаны үшін айыппұл салынды

205
Adyrna.kz Telegram

Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты 2024 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 2-бөлігіне сәйкес, азамат «С» діни араздықты қоздыратын материалдарды әлеуметтік желіде жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот отырысында анықталғандай, азамат «С» өзінің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Назратуллах абу Марьямның «Мухаммед бин Абу аль-Вахаббтың три основы» кітабын орналастырған.

Бұл кітап 2014 жылы экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағында тыйым салынған. Алайда, азамат «С» мұндай материалдардың тыйым салынғаны туралы білмегенін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

Сот тарапынан азаматтың кінәсін мойындауы мен өкінуі жауаптылығын жеңілдететін мән-жайретінде қаралды, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот азамат «С»-ны кінәлі деп танып, оған 73 840 теңге көлемінде айыппұл тағайындады, сондай-ақ заңсыз жарияланған масс-медиа өнімі тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Пікірлер