Қарағанды облысында оқу-жаттығу барысында полиция қызметкері А. Әлиев қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Әлиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", – деді министр.
Министрлік марқұмның отбасына қажетті қолдау көрсетілетінін хабарлады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ІІМ арнайы комиссиясы жіберілген.
"Оқиға орнына менің орынбасарымның басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда", – деді Ержан Сәденов.
Айта кетейік, 9 күн бұрын Түркістан облысында жол-патрульдік полиция инспекторы құқық бұзушыны қуу кезінде көз жұмғанын хабарлаған едік.