Алматыда балаларға арналған арнайы SIM-карталар сынақтан өткізілуде

876
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласында балаларға арналған “SIM KID” атты SIM-карталарды шығару бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жоба қазақстандық байланыс операторының қолдауымен жүзеге асуда, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов әлеуметтік желіде мәлімдеді.

“Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және басқа да интернет қауіптерден қорғайтын арнайы балаларға арналған SIM-карта. Ата-аналар бұл арқылы баланың қандай қосымшаларды пайдаланатынын көре алады, қауіпті сайттарға кіруін шектей алады және тіпті телефон үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады”, – деп жазды Асылов.

Тестілік кезең аяқталғаннан кейін, бұл SIM-карталар еліміз бойынша қолжетімді болмақ.

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға толықтырулар енгізілгенін хабарлаған болатын. Атап айтқанда, “балаларға арналған SIM-карталарды енгізу, оларды баланың ЖСН-ы және туу туралы куәлігінің нөмірі арқылы тіркеу” ұсынылған.

Айта кетейік, бұл бастама алғаш рет 2023 жылы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның тарапынан ұсынылған болатын. Жоба аясында ата-ана SIM-картаны өз құрылғысына “байлап”, баласының интернетті қалай пайдаланып жүргенін бақылай алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер